Category

САЯХАТ

Category

Қиыр Шығыстың ас мәзірі бойынша артық салмақты адамдардың денесінде екі дұшпан бар; артық май және ісік. Сондықтан ол жақтың халқы дене қызуын көтеретін ас түрлерін дұрыс көреді. Олардың ойынша, ағза қызметінің негізгі элементі – от. От майды ерітеді, ал суды буландырады.

Ас мәзірі – өткеннен бүгінге жеткен мәдениеттің ең маңызды бір тармағы. Асүй мәдениеті адамзат қоғамының әдет-ғұрпына, қоғамдық-мәдени деңгейіне, елдің молшылық, берекесіне, діни ерекшеліктеріне қарай дамиды және қоғам мәдениетінде өзіндік орын иеленеді. Әлемде ас ішу мәдениеті қазір бір елдің ең зор байлығының бірі ретінде танылады. Адам үшін асүй мәдениетінің орны айырықша. Адамның физикалық бітімі ас-ауқатпен тікелей байланысты болатыны секілді, әлеуметтік жағынан да өз мәдениетінің ықпалында ас ішу түсінігін иемденеді.

Орта Шығыстың ас ішу мәдениеті

Тарихта егіншілік алғаш дамыған жер ретінде мәлім Месопатамия аймағы ауа райының құбылмалылығы және ондаған өркениеттің мирасы сақталуы себепті ас мәзірі тұрғысынан өте бай. Сөз жоқ, көп адам қызығатын талай халықты бесігінде тербеткен Орта Шығыс; Месопатамияның ас мәзірінде араб, түрік және парсы халықтарының қолтаңбасын байқауға болады. Бұл өңірде етпен қатар, бұршақ тұқымдас дақылдардың ас мәзірінде алар орны ерекше. Ең көп қолданылатын азық-түлік түрлері: бидай, күріш, баклажан, асбұршақ, ноқат, қатық, санмех (ерітілген сарымай), күнжіт және зәйтүн майы. Мұнымен қатар, даршын, қарабұрыш, қалампыр, қара зере секілді дәмдеуіштер де жиі пайдаланылады.

Шалғайдағы жұмбағы көп асүй: Қиыр Шығыс ас мәзірі 

Қиыр Шығыс ас мәзірінде тамақ ішу тек қарын тойдыру емес. Ас-ауқаттың өзіндік рухы мен пәлсапасы бар. Сол себепті Қиыр Шығыс ас мәзірінің дәмін сезіну үшін аздап болса да сол жақтағы елдердің мәдениетіне назар аударып, ішер астарының өзара үйлесімін ұғыну үшін, не қолданатынын және қалай пісіретінін білу керек. Жалпы Қиыр Шығыста халық тығыз орналасқан және егістік болар жердің тапшылығы байқалады. Сондықтан аз нәрсенің берекесін табу қашан да алдыңғы орында тұрады.

Негізінен күріш пен сорпа пайдаланатын асүй мәдениеті және қолданылатын азық-түлік түрлері

Қиыр Шығыста күріш пен сорпа басты қорек түрлері саналады. Жұрт сүт және сүт өнімдерін жаратпайды. Сондай-ақ, 3 ақ аталатын тұз, қант және ұнға үйір емес. Мұнымен қатар, тәтті тағамдар да өте аз дайындалады. Аз ғана тәттілер көбіне жеміс-жидектен, шәрбәт қосып қуырылған, пудинг секілділер болады. Денсаулыққа пайдалы, әрі холестеринсіз болатын Қиыр Шығыс тағамдары ұзақ уақыт сақтауға жарамды болу үшін қуырылады. Күріш, балық, ет түрлері мен көкөністерді буға пісіреді.

Қиыр Шығыс елдерінің мол дастарқанында тропикалық жеміс түрлері (кокос жаңғағы, манго, тапиока…), тамырлар, түрлі дәмдеуіштер, шекер, соя бұршағы, бамбук құрағы тәрізділер мол болады.

Жойыла бастаған асүй мәдениеті

Қиыр Шығыста да қазір жұрт басым мәдениеттің ықпалыменен ас-ауқаттарын көбіне көшеде іше салады. Өйткені соңғы жылдары тұрғызылған үйлерде асүй деген мүлде жоқ. Себебі өте қарапайым; адамдар үйде тамақ дайындауды қойған. Мұның екі түрлі қарапайым себебі бар: Біріншісі, сыртта отбасы болып ас ішу үйде әзірлегеннен тиімді, әрі оңай көрінеді. Екіншісі, адамдардың көбі уақытын жұмыспен өткізеді және тамақ жасауға уақыт таппайды.

Ерекше асхана: Қытай мәзірі

Әлемдегі ас мәзірі ең бай саналатын Қытай асханасының өзіне ғана тән азық түрлері бар. Бұлардың арасында соя бұршағы мен соя бұршағынан өндірілетін заттардың орны айырықша. Соя тұздығы, соя сүті, бұршақ өскіні мен тофу солардың қатарына жатады. Соя тұздығын соя бұршағын су, тұз және дақылдармен қоса езіп дайындайды. Соя сүті болса, кепкен соя бұршағын су араластырып, үгітіп әзірленетін протеині мол сусын түрі. Бұршақ өскіні – жаңадан көгеріп шыққан бұршақ сабақтары. Ал тофу болса, соя сүтінен жасалатын ірімшік тәрізді тағам.

Қиыр Шығыста адамдардың семіз болмауының сыры

Қиыр Шығыс елдерінде халықтың басым бөлігінің артық салмақтан ада, сыптай болуының себебі неде? Бұған былай жауап беруге болады: Қиыр Шығыстың ас мәзірі бойынша артық салмақты адамдардың денесінде екі дұшпан бар; артық май және ісік. Сондықтан ол жақтың халқы дене қызуын көтеретін ас түрлерін дұрыс көреді. Қытайлар дене қызуын арттыратын тағам түрлерін энергия тонигі деп атайды және дастарқанға олардан міндетті түрде қояды. Энергия тониктерінің бастылары – дәмдеуіштер, сірке суы, пияз, сарымсақ. Тағы бір энергия тонигі тауық пен торпақ бауыры, негізінен бүйректегі қызуды көтереді. 

Қытайлардың құпиясы: Майсыз ас және мол көкөніс

Майы аз, көкөнісі басым болатын тәтті тағамдарды қышқыл нәрсемен қосып жеп, дәмнің пропорционалды болғанына көңіл бөледі. Сол себепті тәтті, ащы мен қышқыл бірдей мөлшерде қолданылады. Бір отырыста 50-60 калория алатын қытайлардың артық салмақ алмауларының ең үлкен сыры осында. Тағы бір құпиясы шағын порциямен және асықпай жейтіндерінде екендігіне сөз жоқ. Асықпай ас ішу қарын тойғандай сезім береді, сөйтіп аз жеуге себеп болады. Үлкен порциялар тәбетті аша түсетіндіктен және салынған асты тауысуға итермелейтіндіктен салмақ қосуды оңайлатады. Қытайлардың семірмеу формуласында майсыз, көкөнісі көп ас ішетін ұстаным бірінші орында.

Бір аралға тап болсаңыз, өзіңізбен бірге алатын үш нәрсе дегенді өзгертіп көрейік. Арал емес, шөлге тап болсаңыз ше? Әрине,…

Біздің ауыл, сұрасаң, Белтұрғанда. Қайың ағаш қайысар жел тұрғанда…, деп әнге қосатын біздің ауылдардың таңнан кешке дейінгі көрінісін, балалық…

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0