Category

МӘДЕНИЕТ & ӨНЕР

Category

Өркениеттердің жақын куәсі болған саяхатшылар өзен сияқты. Тоқтауды білмейді. Жалықпастан, көрген-білген, бастарынан өткерген оқиғаларын жайып салады. Ибн Фадлан, Ибн Баттута, Евлия Челеби барлығы да жұмыр жерді жетік білген саяхатшылар еді.

Өркениеттердің жақын куәсі болған саяхатшылар өзен сияқты. Тоқтауды білмейді. Жалықпастан, көрген-білген, бастарынан өткерген оқиғаларын жайып салады. Ибн Фадлан, Ибн Баттута, Евлия Челеби барлығы да жұмыр жерді жетік білген саяхатшылар еді. Әрбір өркениет өз саяхатшысын өсіріп, жетілдіреді. Саяхатшының көріп, тамашалауға деген құштарлығы, біліп, тануға деген құмарлығы, сол елдің өркениет хауызының тереңдігімен пропорционалды. Өркениет хауызынан нәр алған саяхатшылар, басқа елдің мәдениеттері мен құндылықтарын танытып қана қоймай, алған тәжірибелерімен де бөліседі. Осы тұрғыдан алып қарағанда Ибн Фадлан, Ибн Баттута, Евлия Челеби сияқты саяхатшылардың кеше мен бүгінді жалғаушылар екенін жақсырақ түсінеміз.

Ибн Фадланның ғажайып саяхаты

«Біз дінді жайып, Исламды үйрету міндетін атқару үшін осы ғажайып саяхатты бастадық» деген Ибн Фадланның сапар естелігінде былай делінген: Еділ-бұлғар ханы Шәлкей ұлы Алмыш Аббасид халифасына елші жіберіп, хат жолдаған. Хатта мұсылман болатындықтарын айтып, еліне дінді үйрететін ұстаздар, мешіт, медресе, салуға ұсталар жіберуін сұраған. Аббасидтер бұл өтінішті орынды деп тауып, Сәусан әр-Расидің басшылығында бір елшілік тобын құрады.

Аббасидтердің халифасы әл-Мұқтәдирдің (908-932) Бұлғар ханы Алмышқа жіберген Ислам елшілік тобында болған Ибн Фадланға міндет жүктелді. Ол саяхат жайында баяндайтын трактатында сапарда көрген елдер жайында мағлұматтар жазып, әрі сол дәуірдің атақты тайпалары Бұлғарлар, Оғыздар, Башқұрттар, Славяндар жайында да құнды мәліметтер қалдырған. 

Еділге аттанған делегацияда халифаның хатын Бұлғар ханына оқу және сыйлықтарды ұсыну қызметі Ибн Фадланға жүктелді. Ол Бағдаттан бастап, жол бойы керуен қонақтаған жерлерде әр түрлі тайпаларға кезігіп, олардың тұрмыс-тіршілігімен жақыннан танысты.

Оғыз тайпалары

Ибн Фадлан Ислам мәдениетінің орталығынан шығып, солтүстікке қарай шамамен бір жылдай саяхат жасайды. Саяхат кезінде куә болған көшпенді мәдениетіне таңқалысын, өз ой елегінен өткізіп, сипаттаған Ибн Фадлан әлі мұсылман бола қоймаған оғыз тайпаларының өмірі жайында қызықты деректер келтірген.

«Бұлар тері шатырларда отыратын көшпенділер, біраз уақыт бір жерде тұрақтаған соң басқа жерге көшеді. Жол бойында бұл тайпаға тән шатырлардың әр жерде құрылғанын көруге болады. Басшыларына «бек» дейді. Біреу бегімен ақылдасқысы келгенде «Бек пәленше істі қалай жасайын?» деп сұрайды. Не істеу керектігін ақылдасып, ортақ шешіммен жасайды. Бірақ шешім шыққаннан кейін істі жасауға кіріскенде араларынан кез-келген бірі шешімге қарсы өз ойын ашық айта алады».

Бұл жерде Исламнан бұрын да түркі тайпалары істі кеңесіп шешуге мән бергендігі және жеке пікірлерге де құрметпен қарайтындығы көрініп тұр.

Орыстар туралы

Ибн Фадланның саяхатнамасында орыстарға да қатысты қызықты мәліметтер бар. Орыстардың жалпы тазалыққа мән бермейтініне куә болған саяхатшы, мына нәрселерді кітабында тәптіштеп жазып шыққан: «Құрма ағашы сияқты сарғылт қызыл адамдар. Әрбіреуі өзімен бірге бір-бір балта, қылыш, пышақ алып жүреді. Әрқайсысының денесі аяқ тырнағынан бастап, мойнына дейін жасыл түсті татуировкаға толы».

Күнделікті бастан өткендері туралы саяхатшы былай дейді: «Күнімді үйдің ішінде басқа бір үй сияқты құрылған киізден жасалған түрік шатырында өткіздім. Ол шатырда қалың киіммен, аң терісіне оранып жататынмын. Бірақ сонда да бетім жаурап, жастығыма жабысып қалатын». 

Бұл сөздерімен тек саяхатта болғандарды ғана жазып қоймай, әлеуметтік және күнделікті өмірдің қандай екендігін, жағрафиялық жағдайдың адам мен оның өміріне қаншалықты әсер ететіндігін де көз алдымызға елестетеді.

Орта ғасырдың әйгілі саяхатшысы – Ибн Баттута

«Бақытты кісі –  өткен күндерден сабақ алып, өзін ақыретке дайындаған адам. Ал бақытсыз пенде – өз малын өзінен аяп, ішпей-жемей ұрпағына дүние жинаған жан. Уа, достарым! Аллаға шүкір бұл пақыр бақытты. Өйткені, нәпсіге құл болмай, тек он сегіз мың ғаламның мырзасының ізімен жүрді».

Бұл сөздерді айтқан кісі 24 ақпан 1304 жылы Марокконың Танжер қаласында дүниеге келген және жазып қалдырғандары арқылы атағы жер жарған ортағасырлық мұсылман саяхатшы – Ибн Баттута. Оның отбасы Бербер Леват тайпасынан шыққан  және Беркадан көшіп келген. «Рихләту ибн Баттута» атты саяхатнамасында «Қазылық пен шейхтік менің және аталарымның мамандығы» деген сөзі бұл отбасыдан ғалым-ғұламалар көптеп шыққан, тамыры терең отбасы екендігін аңғартады. Саяхтанамасына қарағанда Танжерде өмір сүрген Ибн Баттута Ислам ілімдерін де осында үйренген. Мағриб сұлтаны Әбу Сәғид әл-Мәринидің уақытында Танжерден қажылық ниетімен сапарға шыққанда 22-ақ жаста болатын.

Нәпсіге құл болмай адамзаттың ардақтысының ізінен жүргенін айтқан саяхатшының ізгі ниеті өмірінің соңына да қайырлы әсер еткен. Қасиетті мекенге бағытталған алғашқы сапары ұзын саяхаттың бастауы болды.

 

Жалғасын «Адам және өмір» журналының 6(8)-ші санынан оқыңыздар…

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0