Санаты

МАРКЕТИНГ

Санаты

Дене тілін түсіну маркетолгтан бастап халықпен байланыс құратын жұрттың бәріне керек. Адаммен байланыс орнатпай бір нәрсе істеу мүмкін емес. Демек, бұл өнердің бізге берері мол екені анық.

Дене тілі маңызды, өйткені адам сөзден гөрі, іс-қимылмен, қозғалыс, әрекетпен байланысқа көбірек шығады. Әлеуметтанушылар дене тілінің өзара байланыстың 70 %-ын құрайтынын алға тартады. Дегенмен, бүгінгі зерттеулер мұның бұдан да көп екені жағында. Сала мамандарының айтуынша, адам күнделікті тілдесуде 4 мыңдай дыбыстық белгімен байланыс құрса, 700 мыңнан астам дыбыссыз белгілерге жүгінеді екен. Ал бұл үндемей байланыс құрудың сөзбен түсінісумен салыстырғанда, біз ойлағаннан әлдеқайда көп қажетке жарайтындығын көрсетеді.

Сондай-ақ, дене тілімен орнаған үнсіз байланыс, сөздер арқылы құрылған қатынасқа қарағанда, өте сенімді болады. Өйткені адамдар аузына ие болғанмен, реакцияларына ие бола алмайды. Ал бұл оның шынайы сезімін, ойын паш етеді.

Бір көрген біліс…

Есіңізде болсын, алушыларыңыз аузынан шыққан әрбір сөз арқылы жанының қалауын айта алады, ал дене тіліменен тек шындықты ғана көрсетеді. Шынында не ойлағанын және сол сәтте қандай сезімде екенін дене тіліне назар аударып оңай түсінуге болады. Сауда-саттық сезімге байланысты. Алушының сезімін ұғып, оның сезіміне жауап қату үшін қимылмен көрсеткен белгісін дұрыс түсіне білу керек және өз дене тіліңізге де сол дәрежеде ие болуыңыз қажет.

Төменде алушыны дұрыс түсінуге көмектесетін 24 белгі берілді. Бұларды алушы бойынан байқағанда оны тану қабілетіңіз де арта түседі. Бір көрген біліс, екі көрген таныс деген бар. Сөйтіп, мәселенің жартысын аударып тастауыңыз мүмкін.

Алушының 24 түрлі дене тілі

• Қол алысқан алғашқы сәтте адамды тануға ден қоюға болады. Зерттеулер өте табысты адамдардың кездескен сәтте бірден қол ұсынатындарын анықтаған.  

• Алдыңыздағы адам қол алысқанда өз қолын төмен ұстап ұсынса, өзіне сенімі нашар болғаны. Осы бастан сіздің басымдығыңызды мойындап тұрғандай.

• Ең дұрысы байсалды, қамти ұсталған қол алысу. Ондай адамдар сізді көп сарсаңға салмайды. Олардың алдында бүкпесіз болуға тырысыңыз.

• Кездескен адамыңыз сізге денесімен толық бұрылса, кеудесінен төмен тұсы кітап не сөмке тәрізді бір затпен жабылмаған болса, байланыс жаман болмайды деген сөз.

• Сәл бүкшиіңкіреп, иіні түсіп тұрған адам сізге онша сене бермейді. Ондайда көңілін жайландыратын әңгіме бастағаныңыз жөн болмақ. 

• Көзге тіке қарау өте маңызды. Қызыққан адам көзін айырмай қарайды. Алушы тіктеп көп қарамаса, сіздің айтқандарыңызға оның қызықпағаны. 

• Алушының жүзінен күлкі табы байқалса, онда кездесудің оң бағытта жүріп жатқанын біліңіз. Егер керісінше болса, алушының оң ықылас танытпағанының белгісі.

• Сөз үстінде алушының қолдарына қарауды да ұмытпаңыз. Алақандары ашық көрініп тұрса, оның байланыс құруға дайын, тыңдауды білетін, ақжарқын адам екенін түсіне беріңіз.

• Кездескен кісінің қолы саусағының ұшымен гүл ұстап тұрғандай болып тұрса, ол үшін өте маңызды мәселе сөз болуда деген сөз. Айтқандарын мұқият тыңдау керек.

• Екі қолын артында айқастыра ұстау өзіне сенімнің белгісі. Мұндай тұрыста іш, кеуде секілді әлсіз жерлер ашық болады. Түрегеп тұрған алушының тұрысы осы тектес болса, өзін күшті әрі батыл сезінетінін көрсетеді.

• Өнімді көрген соң алушының қолы автоматты түрде жүзіне қарай жүгірсе (мұрнының ұшын шымшып,  иегін уқалап немесе маңдайын ұстаса), ойына күдік кіргенін білдіреді.

• Алушының шынтақтары тік, екі қолы бірін-бірі қапсыра ұстаса, демек, ол сізден бірдеңе күтеді. Жеңілдік жасай ма, бөліп төлеу мерзімін ұзарта ма, жұбайын немесе серіктесін көндіре ме дегендей дәмесі бар.

• Қолындағы затпен (қалам, көзәйнек, кілт) тынбай ойнап тұрған адам дене тілімен сізге жалыққанын түсіндіруде. Ондайда бірден тоқтап, мәселенің тігісін жатқызуға тырысыңыз. 

• Тұрған жерінде тыпыршып, қолын қайта-қайта қалтаға салып, екі қолын шалт айқастырып, саусағымен шашын тарамдап, қолын бетіне, жағына таянып тұрған адам мұндай әрекеттерімен зеріккендігін көрсетеді.

• Алушы бірдеңеге қарсы пікір білдіргенде екі қолын қайшылай ұстаса, бұған оңай келіспейтінін білдіреді. Ондай үлгідегі қарсылықты жеңу қиынның қиыны. 

• Жұдырығын түйіп алған қолын сермелеп сөйлеу адамның сізден қауіптенетіндігінің белгісі. Онымен қарапайым мәселелерді сөз етіп, арадағы салқындықты жоюға күш салыңыз.

• Ал қолын қиғаштай сермеген адамның (кірпіш сындырған каратэші секілді) сіздің бетіңізді қайтарып, өз білгенінен айнымайтындығын көрсеткендігі. Осы кезде айтқан сөзіне өте мұқият болыңыз.  Айтқаны неге қатысты болса, ол мәселені көп қозғамаған дұрыс. 

• Алушы не кездескен кісі иегін алақанына тіреп, сұқ саусағы жоғары қарап тұрса, оның сыңайы сізбен келіспейтін болса керек.

• Өнімді көрген бетте алушының қолы иегіне қарай барса, шешім қабылдау үстінде деген сөз.

• Шешім қабылдар сәтте алушы қолындағы затты (қалам, көзәйнектің ұшы, т.б.) аузына апарса, іштей үлкен алпарыс үстінде екенін көрсетеді. Ойындағы түйткіл әлі шешімін таппаған сыңайлы.

• Екі аяғын айқастырып отырған адам екі қолын да қапсыра айқастырса, наразылығын білдіреді. “Иә-жоқ” дегендей жауап беруге тура келетін сауал қоймаңыз. Алар жауабыңыздың “жоқ” болатыны бірден белгілі.

• Сізді тыңдағанда екі аяғын айқастырып отырған адам бір не екі қолымен үстіңгі аяғын тобық тұсынан ұстайтын болса, оның айтқанынан қайтпайтын, пікірі тұрақты адам болғаны.

• Біреумен бір жерде кездескенде отыратын жерді оған таңдауға мүмкіндік беріңіз. Ыңғайлы орынды таңдап, арқасын қабырғаға сүйей отырса, басты рөлді өзі ойнап, билік айтуды жақсы көретін адаммен істес боласыз деген сөз. Оның өзін бастық сезінуіне жағдай жасасаңыз, сізбен жұмыс істеуге ол қашан да дайын.

• Екі аяққа ие болу тіпті де мүмкін емес. Біреумен бірге отырғанда білдірмей оның аяғының ұшы қай жаққа қарап тұрғанын байқаңыз. Өйткені адамның ойы қайда болса, оның аяғының ұшы да сол жаққа қарайды. Мәселен, аяқ ұштары есік жақты көрсетсе, шамасы оның кеткісі келіп отыр.

Дене тілін зерттеуші мамандардың айтуынша, талай дәлелденген бұл техникаларды алушының дене тілін түсініп, тиімді байланыс орнатуыңыз үшін жинастырдық. Бірақ мұны тек сауда-саттық салаларымен шектеу дұрыс емес. Байланыс құрған адамдарыңыздың сезімін ұғынып, не айтқандарын жете түсіну үшін де пайдасы бар.

 

Адамдардың біреудің істегеніне еліктеп, соны қайталауы әдебиетте арнайы “тобыр психологиясы” деп аталады. Мұның ең айқын үлгісін қойлар көрсететіндіктен, “қой…

Кісі транс күйінде айтылған тапсырманы сөзсіз орындайды. Сондықтан маркетинг мамандары өз тұтынушыларын транс күйіне түсіруге ұмтылады. Тұтынушыларды бұл халге…

Дүкен аралап, сауда жасау үшін алдымен алынатын заттардың тізімін жасап, ақшасын есептеп қоямыз. Бірақ, үйдегі есепті базардағы нарық бұзар…

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0