Category

БИОЛОГИЯ

Category

Ұрық бір қарағанда жансыз нәрседей көрінуі мүмкін. Шынында оның ішінде бүгіп жатқан өмір бар, өркен жаяр сәтті күтуде. Жақсы ұрық, дән өсімдік өндірісін арттыруда, әлемде аштықтың алдын алуда, адамның ғарышқа көтерілуінде маңызды, ерекше мәнге ие. Ұлы Aлланың адамдарға берген көркем нығметі және болашақтың кепілі. Oған ие болу – болашаққа ие болу деген сөз.

Бәріміз бір әлемде өмір сүреміз және айналып келгенде қорегіміз де бір. Ойлап көріңіз, 2019 жылы базарда немесе меркеттесіз. Мақсатыңыз қызанақ, қияр, бұрыш алу. Базарға кірдіңіз. Көзіңіз сөредегі қып-қызыл, бір-бірінен айнымайтын қызанақтарға, ұзындығы біркелкі бұрыштар мен қиярларға түсті. Көзіңіз көріп тұрғанмен, мұрныңызға ештеңе сезілмейді. 

Енді өткенге оралыңыз. 1960-ы жылдарда сол жердегі базардамын деп ойлаңыз. Базарға кірдіңіз, қызанақтар мен бұрыштарды көрдіңіз. Бірақ ол кезде бір өзгешелік бар. Олар көзіңізбен қатар мұрныңызға да жететін.

Сонда, сoл күннен бүгінге дейін не өзгерді? Мұрнымыз иіс, аузымыз дәм сезбейтін болды ма? Негізі, бұл сұрақтардың жауабы ұрық пен дәннің өткені мен бүгініне байланысты. Өйткені oл кезде де, қазір де әлгі өнімдер тұқымнан шығады. Демек, гәп ұрықта болды ма?

Жасыл революция дәстүрлі тұқымды «төңкеріп» кетті

XX ғасырдың алғашқы жартысында AҚШ бастаған ғалымдар алға мынадай нәрсе тартты. Халықтың саны артып келеді және мына түрімен бізді аш қалдырады. Осы себепке сүйеніп 1950 жылы “Жасыл революция” жарияланады. Бұл көбірек өнім алу үшін тұқым асылдандыру, механикаландыру, пестицид, гербицид, химиялық тыңайтқыш пен суару тәрізді түрлі технологияны егіншілікте қолдану дегенді білдіреді. Бұл революцияның тұқымдары “ғажайып ұрықтар” деп аталды. Оның қолға алғаны негізінен бидай, күріш және жүгері тұқымы болды. 

1950-70 жылдар аралығында AҚШ пен басқа дамыған елдердің көбінде «Жасыл революция» жүргізіле бастады. Жұлдызы жарқыраған тағы бір ел Мексика еді. Рокфеллер қоры мен мемлекеттің қолдауымен елде өнімі жоғары ұрық дайындалады. Meксикадан кейін кезек Үндістанға келеді. Сол қолдауға ие болған Үндістанда да егін шаруашылығы дамып, өнім арта бастайды. 

Бәрі ойдағыдай болып көрінген. Ұрық, тұқым секторы индустриялана бастағаннан өнім арта түскен. Төрт құбыласы тең еді. Бірақ шындық олай болмады. Жаңа ұрық түрлері бұрынғылардың артықшылықтарымен бірге жоқ болып кетуіне себеп болды. Мұнымен де шектелмей олар топырақ құрамындағы азотты көп қажет ететіндіктен, жердің құнары тез кеміп кетті. Жасыл революция дәстүрлі егін шаруашылығын төңкеріске ұшыратты.

“Жасыл революцияның” түсімі мол тұқымдары бастапқыда бірнеше қайтара жақсы өнім бергенмен, одан кейінгі жылдарда өнімі нашарлап кетеді. Сөйтіп шаруа ұрық өндіруші компанияларға тәуелді күйге түсті.

Ұрық, тұқым өндірісі индустрияға айналды

Өндірілген өсімдік тектес өнімдердің сапа шамасын тұқым, ұрық анықтайды. Оның индустрияға айналғанына көп бола қойған жоқ. Бұрын егіс танабында өсірген өз өнімінен келесі жылы егетін дәнін бөліп қоятын шаруаның жыл сайын жаңадан тұқымдық дән сатып алатын күйге түсуінде ұрық индустриясының рөлі күшті. 1990 жылдардан кейін қарқындай дамыған генетика ғылымы мен биотехнология тұқымдық өнеркәсіптің бара-бара ғылымға сүйенген әрі экономикалық секторға айналуына түрткі болды.  

Ата тұқымнан стандартқа, стандарттан гибридке 

Ата тұқым – баяғыда Жетісуда не болмаса әлемнің кез келген бір жерінде халықтың егіп, өндірген ұрығы. Олар қазіргі стандарт тұқымдар тәрізді емес. Түсім жағынан стандарт тұқым гибридтің бестен біріндей өнім беретін болса, ата тұқым стандарт ұрықтың жартысындай да өнім бере алмайды. Өйткені қазіргі технология арқылы стандарт тұқымдардың өзі белгілі бір сапаға ие болған. Ата тұқымдар солардың өңделмеген түрі. Шағын жерде өзіңізге жететіндей ата тұқымнан не сатандарт ұрықтан егуге мүмкіншілігіңіз бар. Ал өндірушілер, яғни күнкөрісін егіншілікпен қамтамасыз ететіндер гибридтен басқа дән еге алмайтын шығар шамасы.

Айтып өткеніміздей, ата тұқымдардың бүгінгі қажеттілікті өтеуге шамасы жетпесе де, ұрық жетілдіру ісімен айналысатындар үшін оның маңызы өте зор. Ата тұқымдарда болатын жаңа күшті гендер гибрид дәнге беріледі. Жетілдіру барысында өсімдік құрамынан табиғи жағдайда өзара әсерге түсе алатындарын алып үдерісті жылдамдатады. 

Гибрид пен ГМО-лы тұқым бірдей ме?

Tұқым жетілдіру жұмыстарының нәтижесінде қол жеткен стандарт ұрықтардан кейін гибрид технология дамыды. Сөйтіп ГМО деген мәселе пайда болды. Гибридті сөз етпес бұрын ГМО екеуінің арасындағы айырмашылыққа тоқталып, содан кейін егжей-тегжейін қаузап көрейік. 

ГМО-ның пайда болғаны 1980 жылдар. Oның шығу себебі халықтың келешекте ашығуының алдын алу еді. Қазір 7 миллиард шамасындағы әлем халқы 2050 жылдарда 10 миллиард болады деген болжам бар. Адам саны осындай қарқынмен көбейіп жатыр, ал егіншілік жер мен таза су көзі дәл солай азайып барады. Бұл ахуал халықты аз ғана жерден мол өнім алуға итермелеуде. Адамдар осы себептерді мүмкіншілік ретінде бағалап ГМО қосылған ұрық технологиясын жетілдірді. Өздерінің тікелей қатысы барын біреуі біліп, біреуі білмей әйтеуір жаман себептен тағы сол жаман нәтиже шығаруға күш салды. 

Әлем бойынша бұл екеуі – гибрид пен ГМО бір-бірінен мүлде басқа нәрселер болса да, кейде шатастырып алу оңай. ГМО-ның мағынасы гені өзгертілген организм дегенге саяды және ол басы бүтін зертханалық өнім. Ал гибрид болса, классикалық тәсілдермен жетілдірудің заманауи түрі және кемінде 250 жылдық тарихы бар.

Гибрид пен ГМО-ның айырмашылығын агроном, ауылшаруашылығы мамандары былай түсіндіреді: “Гибрид ұрықта қандай өнім түрін жетілдіру керек болса, соның аналығы мен аталығы қажет. Ал ГМО-да болса, жағдай олай емес. ГМО-да әртүрлі өсімдіктерден, тіпті, тіршілік иелерінен де ген тасымалдауға болады”.

ГМО жасап шығарудағы мақсат не еді?

Селекционер Aйдын Aтасаяр былай дейді: “Жүгеріде зиянды собық құрты болады. Бактерияның үстіндегі зиянды геннің осы құртты өлтіретіні анықталған. Зиянды бактерия зертханада үгітіліп, ұнтақталады және дәрі ретінде өнімнің үстіне себіледі. Жүгері собығының құрты өнімді жегенде осы дәріні қоса жеп өледі. 

Әуелі бактерияның ішіндегі зиянды ген табылды, сосын оны ол жерден қалай алуға болатынын, ал одан кейін ол геннің басқа бір организмге қалай тасымалданатыны белгілі болды. 

Осы тұста мынадай проблема шығады. Бұл бактерия тіршілік иесі, бірақ өсімдік емес. ДНК түзілімі әртүрлі. Жан-жануардың ДНК бөлшегін өсімдік ДНК-сына қосып, одан азық-түлік өнімін алсаңыз, жүйе бұзылады.

ГМО мәселесі мәлім болған соң бүкіл әлем қарсы шығады. Әлем бойынша зияны жоқтығына қатысты ауқымды шаралар, үгіт-насихат жұмыстары да жүргізіледі. ГМО алғашында жүгеріде еді. Ал қазір күріш пен сояда да бар. Бүкіл әлемде өндіріЖасыл революциялетін сояның 90 %-ы ГМО-лы. 

Бір тіршілік иесінің генін басқа өзгеше біріне тасымалдайсыз. Сөйтіп онда өзіне тән емес ерекшелік пайда болуы мүмкін болғандықтан, ГМО ойламаған төтенше қауіп тудыра алады”.

 

Жалғасын «Адам және өмір» журналының 22-ші санынан оқыңыздар…

Гүл – сыпайылық пен көркемдіктің нышаны, сүйіспеншілік пен махаббаттың белгісі, рухани құндылықтардың бейнесі, көрікті ой мен сезімді әрекетке ұластырушы.…

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0