Banner

About Us

We must explain to you how all seds this mistakens idea off denouncing pleasures and praising pain was born and I will give you a completed accounts of the system and expound.

Contact Info

123/A, Miranda City Likaoli Prikano, Dope United States

+0989 7876 9865 9

info@example.com

3D принтерде жасалған тауық еті жеуге жарамды ма?

Американың «Экология және Технология» деген журналында жарияланған мақала бойынша, 3D технологиясы арқылы жүзеге асатын тауық етінің өндірісі қазіргі тәсілдермен салыстырғанда энергия шығынын 50 %-дан астам, парниктік газ шығаруды 25 есе және жерге мұқтаждықты 100 есе азайтпақ.

3D биологиялық принтер арқылы зертханада өндіру жоспарланған тауық еті кей жерлерде жұрт қызығушылығын оятып, жақсы назарға іліксе, енді бір жерлерде шүбәлі, дүдәмал ойлар туындатуда.

1950 жылдардан бері тауық етімен айналысатын бір фирма “Болашақтың рестораны” атты жобамен жұмысқа бастайды. Бұл бағытта оған 3D принтер технологиясын жақсы меңгерген бір ресейлік компания серіктес болады.

Қысқасы, жобаның технологиялық жағын орыс компаниясы қамтамасыз етеді, ал дәмдеуіш-дәм мәселесін аталмыш фирма қолға алмақ. Технологияның майын ішкен 3D Bioprinting Solutions компаниясы тауық жасушаларын пайдаланып кәдімгі тауық дәмі мен тінін дәл табуға күш салмақ.

Екі компания да жасаған мәлімдемелерінде бұл жобаның қоршаған ортаға зарары аздығын, салауатты өмір салты үшін маңыздылығын және кәдімгі етке балама бола алатындығын алға тартып жұрт көңіліне жол табуға тырысқан. Бұдан бөлек, өндірілген тауық етінде тауық жасушасын пайдаланатындықтан, мұның вегетариандық талғам саналмайтынын ескертеді. Сөйтіп, 2020 жылдың күзінде алғашқы өнімін беретін шара арқылы ғаламдық ет индустриясында балама бағыт қалыптастырудың қамын ойлайды.

Ешбір жан-жануарға зиян келтірмеу де шараның айырықша бір тармағы ретінде көрсетілуде. Дегенмен, цифрланған әлемде дүние цифрлы болмысқа, ал азық-түлік түрлері осылай жасушадан жасалған жасанды, үш өлшемді тағамға айналса, шын мәнінде “адам” не болмақ?

Тауық союдың шарғи шарттары белгілі, алайда алдымызда соя қоятын тауық та жоқ қой. Жасушадан жасалған, үш өлшемді өнім ғана бар. Негізгі мәселенің басы ашылмай қалған. Әрі әлемдік ет индустриясына балама шешім болу үшін тек тауықпен шектелу мүмкін еместігі де есепке алынбағандай.

Добавить комментарий