Archive

Мамыр 2019

Browsing

– Бізге аздап қант қосылған кофе, ал балаларға бірер жеміс шырынын әкеліңізші.

– Маған жеміс шырыны емес, кола, анашым.

– Жоқ, айтып едім ғой, кола зиян. Жеміс шырынын аласыңдар!

Бұндай әңгімеге талай куә болдық. Тіпті өз баламызбен арада да осындай кездер болған. Баласына газдалған сусынның орнына жеміс шырынын алдырған ана оның денсаулығына пайдалы нәрсе әпердім деп жаны жайланады. Тіпті көз алдынан “Құттықтаймыз, сіз керемет анасыз!” деген жазу көргендей болады. Aна ретінде баласына пайдалы нәрсе бергісі келетіндіктен, бұл қалыпты жағдай. 

Аналарымыздың көбі жеміс шырынын өте пайдалы деп ойлайды. Расында солай ма өзі? Бүгін жеміс шырынынан бастап денсаулыққа пайдалы болуға тиіс қаншама нәрсені ауру қоздырғышқа айналдыратын бір зат жайлы сөз етпекпіз. Фруктоза мөлшері көп жүгері шырыны. Басқаша атауы – глюкоза-фруктоза шәрбаты. 

Фруктоза негізінде глюкоза тәрізді көмірсулардың моносахариді.  Жеміс қанты десе де болады. Табиғи түрде жеміс-жидектерде, көкөністе және балда болады. Жемістің фруктоза мөлшері басқаларына қарағанда көбірек. Кәдімгі қант ретінде таныс сахароза да фруктоза мен глюкозаның қосындысынан тұрады. Былайша айтқанда, қант құрамының 50 % фруктоза, 50 % глюкоза. Фруктоза бүкіл табиғи көмірсулардың ішіндегі ең тәттісі. Сахарозаның тәттілік деңгейін 100 бірлік деп ойласақ, глюкозаныкі 70, фруктозаныкі 130 бірлікке жетеді екен. Адамдар фруктозаның осы қасиетін жасанды азық түрлерінің дәмін кіргізу үшін қолдануды ойлап табады.

1960 жылдарға дейін өндірісте тәтті дәм үшін жүгері шәрбатын қолданатын. Нарықта “декстроза /глюкоза шәрбаты” деген атпен таныс жүгері шәрбаты гидролизденген жүгері крахмалынан алынады. 1957 жылы ашылған изомераза ферменті глюкозаны фруктозаға айналдырып, фруктоза мөлшері көп жүгері шырынын алуға жол ашқан. Қазір 42 %-дық, 55 %-дық және 90 %-дық үш түрлі фруктоза мөлшері көп жүгері шырындары бар. Пайыздық көрсеткіш арасындағы тәттілік деңгейіне сай әртүрлі жерде қолданылады. Тым қатты тәтті емес 42 %-дық шәрбат басқа дәмдерді басып тастамайтындықтан, консервіленген, аспаздық өнімдерде, дайын тұздық және сорпа түрлерінде пайдаланылады. 55 %-дық шәрбат 1980 жылдардан бері әлемге танымал кола және басқа сусын өндіретін компаниялардың газдалған сусындары мен жеміс шырындарында іске асады. Кішкенесінің өзі тәтті дәм беруге жеткілікті болатын 90 %-дық шәрбат болса, диеталық өнімдерде қолданылады.

Қант деңгейі

Шайға салатын кәдімгі қант құрамы жағынан жартысы глюкоза, жартысы фруктоза дегенбіз. Жеміс-жидекте көп мөлшерде фруктоза және сонымен қатар глюкоза да болады. Дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдас өнімдердің құрамындағы көмірсулар да ағзада ақырында глюкозаға айналады. Ал балдың құрамында 47 % фруктоза, 35 % глюкоза және басқа саккариттер болады. Анықтап айтқанда, табиғи өнімдерде фруктоза мен глюкоза бірге және мөлшерлес болады. Соның арқасында ағзада метаболиздену үдерісі де белгілі бір деңгейде жүзеге асады. Глюкоза (қандағы қант) ұйқы безінің инсулин бөлуін шектесе, фруктоза шектемейді. Глюкоза мен фруктозаны бірге қабылдау инсулиннің бөлінуін және қан құрамындағы қанттың жүйелі түрде көбейіп-азаюын қамтамасыз етеді. Фруктозаның инсулинге әсер етпейтіндігі ғылым әлемінде қант диабеті үшін таптырмас нәрсе екенін көрсетті. Тіпті соның арқасында бал, құрма тәрізді тәтті болғанмен, фруктоза мен глюкоза деңгейі шамалас өнімдерді диабетпен ауыратын кісілер де белгілі мөлшерде тұтынуына болады деген пікір тудырды. Алайда қантты күнделікті қажетті мөлшерден артық тұтыну ұйқы безінің инсулин бөлу қызметін және ағзада реттегіш гормондардың (лептин, грелин, т.б.) жүйесін бұзады.

Жұмсалмаған энергия ағзада майлануға себеп болады. Тін бойындағы майдың артуы гормондардың тіндерге әсер етуін қамтамасыз етуші қабылдағыштардың қызметін бұзатындықтан, инсулин мен лептин (аштықты басатын гормон) бейтарап қалады. Бара-бара инсулинге төзімділік, қант диабеті, холестерин, бауырды май басу, атеросклероз секілді кеселдер бас көтереді. Метаболикалық синдром деп аталатын бұл кеселдің қайсысы да ақыры жақсылыққа апармайтын дерт түрлері. Бүгінгі таңда дайын тағамды көп қолданудың нәтижесінде мұндай ауруға ересектер ғана емес, балалар да көптеп шалдығуда.

Азы қарар, көбі зарар: Фруктоза

Не нәрсенің де артығы зиян.  Өкінішке орай, адамдар пайдалы азық мөлшерден асып кетсе, зиянды болуы мүмкін екенін ескере бермейді. Фруктоза табиғи өнімдерде болатын қант және қалыпты мөлшерде тұтынғанда пайдалы. Бірақ дайын тағамдар арқылы ортамызға келген глюкоза-фруктоза шәрбаты  фруктоза қабылдауды шамадан әлдеқайда асырып жібереді. Ғылыми зерттеулер фруктоза тұтыну басқа көмірсуларға қарағанда, обыр қатерін 5 %-ға арттыратынын көрсеткен. Зерттеулерге қарағанда, глюкоза-фруктоза шәрбаты арқылы алынатын фруктоза семіздік,  жүрек-қан тамыры, қант диабеті, бауырдың майлануы, гиперлипидемия және жоғары қан қысымы ауруларының қозуына себеп болады.

Тышқандарға жүргізілген тәжірибелерде глюкоза-фруктоза шәрбаты  берілген тышқандардың жеуге зауқы көп соқпай, глюкоза-фруктоза шәрбаты  қосылған суға құмарларының арта түсетіндігі байқалған. Яғни фруктозаны көп қабылдау тышқандардың қалыпты азыққа ықыласын азайтып, бар ықылас-ынтасы глюкоза-фруктоза шәрбатына ауатын болған. Қазір аналар осы сықылды себептерге орай баласына кәдімгі тамақ ішкізе алмай әуреге түседі.

2002 жылы жүргізілген бір зерттеуде көп фруктоза қабылдайтын адамдарда ұйқы безі обырының қаупі басқа адамдарға қарағанда 57 % артық болатыны анықталған. Тағы бір зерттеуде бауырын май баспаған адамдарда күнделікті фруктоза тұтыну мөлшері 45 грамм (3 порциялық жеміс), май басу байқалған адамдарда бұл 90 грамм мөлшерінде болған. Бұл зерттеу фруктоза көп тұтынушылардың қан три-глицериті мен жағымсыз холестерин деңгейі жоғары болатынын көрсеткен. Басқа бір зерттеуде болса, адамға күніне әр килограмнан 3 грамм фруктоза берілгенде, 6 күндей аз ғана уақытта ағзада инсулинге төзімділіктің басталатыны байқалған.

Қабылдайтын фруктозамыздың мөлшері қанша?

Зерттеулердің мынадай нәтижелері, сонда фруктоза мөлшері қандай болуы тиіс дейтін сауалға жетелейтіні рас. Егер тым шектен тыс көп жеміс жеп, балға әбден тойып жүрмесеңіз, фруктозаның дерт қоздыратындай деңгейіне жету қиын. Бір мысал берейік: “Қантты қанша көп пайдалансаңыз да, бір кесе шайға 15 қасық қант сала аласыз ба?” Әрине, жоқ. Ал бір стакан жеміс шырыны яки кола ішкенде, ағзамызға түсетін қант мөлшері 12-15 шай қасығына тең келеді. Салқын шай, газдалған сусын, жемісті минарал су, жеміс шырыны, жемісті тәтті сүт немесе йогурт, шоколад, кекс, дайын тосап, тәтті тоқаштар, дайын консервіленген өнім, т.б. толып жатқан ұсақ-түйек дайын тағамдардың құрамында   глюкоза-фруктоза шәрбаты мол. Тіпті диеталық өнім деп алатындарымыз да сондай…

Қайтпек керек?

Мәселе қантқа тірелгенде, оның қайсысы да мақтай қоярлықтай емес. Дегенмен үйдегі күнделікті тұтынатын қантты дайын сусын түрлеріндегі глюкоза-фруктоза шәрбатынан гөрі тәуір деуге болады. Сахароза (шайға салатын қант) мен глюкоза-фруктоза шәрбатын салыстырған зерттеулер глюкоза-фруктоза шәрбатының сахарозаға қарағанда, гормондар тепе-теңдігін көбірек бұзатынын, қан құрамындағы майды, жағымсыз холестерол мен обыр қатерін, салмақты, дене салмағының индексін (ДСИ) және соған сай семіздікке ұрыну қаупін арттыратынын көрсеткен. Бұлардан алар сабақ – сыртында “фруктоза/глюкоза шәрбаты” деген жазуы бар өнімдерді мүмкіндігінше алмау, үйде дайындауға болатын тағамдардың дайын түрлеріне қызықпау керек. Қай жемісті де мезгілінде пайдаланып, тосап, компот дегендерді қант қосып жасап алуға болады. Ұмытпаңыз, дайын сусындардың ішінде жеміс шырынының зияны коладан кем емес!

 

Жұмсалмаған энергия ағзаның майлануына себеп болады. Тіндердің көбірек майлануы гормондардың тіндерге әсер етуін қамтамасыз ететін қабылдағыштардың қызметін бұзатындықтан, инсулин мен лептин (аштықты басатын гормон) бейтарап қалады. Бара-бара инсулинге төзімділік, қант диабеті, холестерин, бауырды май басу, атеросклероз секілді кеселдер бас көтереді. Метаболикалық синдром деп аталатын бұл кеселдің қайсысы да ақыры жақсылыққа апармайтын дерт түрлері. Бүгінгі таңда дайын тағамды көп қолданудың нәтижесінде мұндай ауруға ересектер ғана емес, балалар да көптеп шалдығуда.

Бір күнде кемінде он стакандай су ішуге кеңес беріледі. Таңертең тұра сала бір стакан, ас ішерден жарты сағаттай бұрын екі стакан және мұның араларында бір-бір стаканнан ішілетін болса, шамамен он стаканға жетеді.

Тамақтануда судың орны қандай?

Су адамның ағзасына, жасына, жынысына және басқа түрлі факторларға орай өзгеріп тұрады. Орташа есеппен адам салмағының 55 % – 75 %-ы су. Суға қатысты қандай да бір ақыл-кеңес айтпай тұрып, әуелі салмақ тастау, салмақ сақтау және дұрыс тамақтану тәрізді жайларды естен шығармау керек. Бұл жайлар әр адамда әртүрлі болса да, жалпы адам денесінің жартысынан астамын су құрайтындықтан, бұған айырықша тоқталмақпыз.

Дені сау адамның орташа есеппен бір күнде қанша су ішкені жөн?

Бұл да адамына қарай өзгереді. Жұмысы ауырлар, дұрыс тамақтанбайтындар, уытты нәрсеге душар болатындар, бүйрегі ауыратын науқастар секілдінің әрқайсысына жеке бағдарламалар бар. Әр кісіге қарай өзгеше болғанмен, орташа есеппен 2 – 2,5 литр су ішуге кеңес береміз.

Мұнша суды ретімен ішіп тұруға арналған қандай да бір “су ішу жоспары” бар ма? Су ішудің дұрыс уақыты бола ма?

Суды еске түскенде іше беруге болады. Өйткені адамдар ұмытып кетеді немесе кешігіп жүреді. Шөлдегенді күтпеу керек. Қанша дегенмен, адам шөлдегенде онсыз да денедегі судың 1%-ын жоғалтады. Бұл да кеш қалғанның белгісі. Бәрін бір мезетте ішу де дұрыс емес. Күні бойы аз-аздан үзбей іше беруге кеңес береміз.

Басқа сулы тағамдар үшін қалай жоспарлаған жөн?

Судан өзге сұйықтықтар зәр мөлшерін көбейтеді және ағзада артық минерал жинап ісінуге себеп болады. Сол себепті ешқайсысы судың орнын баса алмайды. Сондықтан бір күнде 3 стакан лимон қосқан сұйықтау қара шай, ең көп екі стакан кофе және анда-санда бір екі стакан өсімдік шайын ішуге болады.

Судың қандай ерекшеліктеріне назар аудару керек?

Mіндетті түрде таза, тұнық болуы тиіс. Судың жұмсақтық деңгейі маңызды. Барынша жұмсағын ішуге кеңес береміз. Суда минерал болады, бірақ тым минералды суды көп ішу бүйрекке салмақ түсіреді және бүйректе тас пайда болуы мүмкін.

Баланы алғаш сумен таныстырғанда неге мән беру керек?

Сәби алғашқы алты айға дейін ана сүтінен басқа ештеңе іздей қоймайды. Өйткені ана сүтінің құрамы сондай. Алты айдан кейін қантсыз таза сумен танысқаны жөн. Алайда  бір жастан кейін ананың су ішуге ерекше көңіл бөлуі керек. Бұл тұстағы кеңесіміз баланы жас күнінен суға үйрету. Өйткені кейін қиындық туындауы мүмкін.

Суды аз ішетін адамдардың денсаулығына зиян келуі мүмкін бе?

Ұзақ уақыт су ішпеу медицина тілінде “дегидратация” деп аталады. Мұның ақыры негізінде өлімге себеп болады. Жағымсыз әсерлерін айтар болсақ, қарынның тойғанын уақтылы сезінбеу, терінің құрғақтығы, іш қату, концентрацияның бұзылуы, қан қысымының жоғары болуы, ісіну т.б. 

 

Судың

• Қалыпты салмақ сақтау,

• Қан айналымының жылдамдауы,

• Қан қысымының қалыпты болуы,

• Mинерал мен тұздың тепе-теңдігін сақтау,

• Салмақ тастауды оңайлату,

• Энергиясыз болып, қалыпты салмақ ұстауға көмектесетіні,

• Аштықты басу,

• Консентрация жоғалтпауға көмектесу,

• Дәрумендердің қажетке жарауы,

• Уытты заттардың шығуы тәрізді пайдалары бар.

Кез келген нәрсеге жақын болу, оған ие болуға, ал ие болу мүмкіндігі оған тәуелді болуға жол ашады. Маркетологтар мұны өз пайдасына жаратуды жақсы меңгерген. Өйткені олар адам бір заттың өзінікі болуы мүмкін екенін ойлағанда, оның ие болу сезімі күшейе түсетін біледі.

Балаларыңыз бір күні қолдарында сүйкімді бір күшікпен алдыңыздан шыға келді деп ойлаңыз. Шамасы ашу шақыратын боларсыз. “Дереу күшікті алған жерлеріңе апарып тастап, қоларыңды сабындап жуыңдар” дейсіз. Балалар көздері жасаурап аяғыңыздан құшақтап жалына бастайды. Сіз анау-мынауға оңайшылықпен көне салатын адам емессіз ғой. Сонда да балалардың көңілі үшін кешке дейін күшікпен ойнауларына рұқсат етесіз.

Балалар қуанғандай болып, бір жағынан аздап мұңайған пішінмен кері бұрылып, күшікпен ойынға кіріседі. Кешке үйге шаршап жеткенде, көзіңіз есіктің алдындағы қиқы-жиқы қалқиып тұрған бірдеңеге түседі. Сәл жақындағанда тақтайлардың арасынан титімдей құйрығын бұлғаңдатып тұрған сүйкімді күшікті байқайсыз. Балалар сөзіңізді тыңдамаған сыңайлы. “Шамасы, балалардың құлақтарын бұрайтын кез келген тәрізді” деп ойлайсыз.

Арадан үш апта өтеді. Тағы шаршап-шалдығып үйге қайтып келе жатырсыз. Бір қолыңызда нан, екіншісінде қасапханадан алған сүйектер. Ал ойыңызда дереу шешілуі тиіс бір мәселе бар. “Күшікке деп жасаған  үйшікті қандай түске бояған жөн?”       

Әлемнің ең көп қолданылатын маркетинг тәсіліне төрлет деңіз! Сату секторындағылардың бәрі “күшік” техникасын жақсы біледі. Егер өнімді аз ғана уақытқа болса да алушының үйіне яки жұмыс орнына жеткізіп бере алсаңыз, сату мүмкіндігіңіз арта түседі. Неге дейсіз ғой, жауабы өте қарапайым. Өйткені тура күшікті алғаныңыз секілді, бір затты жанына алғанда адам оны дүкен сөресіндегі тұрғаннан артық көреді. Сөйтіп, өнімнің адам санасындағы құны бірден көтеріледі.

Ой-санадағы бұл құн дүкендегі этикеттен әлдеқайда жоғары, ал алушының өнімді сатып алу ықтималдығы әжептәуір көбейген.

Кез келген нәрсеге жақын болу, ие болу немесе уақытша ие болу мүмкіндігі оған тәуелді болуға жол ашады. Әсіресе, Еуропа елдеріне барып келгендер өте жақсы біледі. Қандай да бір әшекейге немесе киімге көзіңіз түсіп кетсе болды, сатушылар “алмаймын” дегеніңізге қарамай жаңағы жүзікті қолыңызға зорлап тағып, көйлекті қинап кигізуге тырысады. Өйткені, олар адам бір заттың өзіне тиесілі болуы мүмкін екенін ойласа, иелену сезімінің жанданатындығын жақсы біледі. 

Маркетологтардың иелендіру тәсілдерінен абай болыңыз!

Бір өнімге ие болу мүмкіндігі тұрғанда одан айырылу қол үзу – жоғалту сезімін оятады. Автокөлік сатушыларының тест-драйвер жасататындығының негізінде де сол жатыр. Ақшаны кері қайтаруға кепілдік беріліп жасалатын сатылымдарда да осы механизм бар. Негізінен кілем және әшекей бұйым сатушылары кері қайтаруға кепілдік беру арқылы сатады. Өйткені оларда кері қайтару жоқ дейтіндей аз кездеседі. Тек бұлар ғана емес, сондай-ақ теледидар және пошта арқылы алынған тауарлардың да кері қайту ықтималы өте төмен болатыны анықталған.

Канзас университетінде жүргізілген бір зерттеуде қатысушыларға шамамен 25 долларлық сыйлық иелену мүмкіндігі бар билетті тегін таратады. Қатысушылардың 80 %-ы барлық билеттің ұтыс мүмкіншілігі тең деп ойлайды.  Қалған 20 %-дың жартысы өз билетінің ұту мүмкіншілігі мол десе, жартысы ұту мүмкіншілігі жоқ деп тұжырым жасайды. Қатысушыларға билеттерін ауыстыруға мүмкіндік берілгенде, ешкім ондай әрекетке бармайды. Бір қызығы, билетінің ұтатынына сенбейтіндердің бәрі дерлік оны ауыстырғысы келмейтін болып шығады.. Бәрі де өздеріне таратылған билетке ие болып қалғысы келген.  

Мұның себебі, өкініп қаламыз ба деген уайым. Адамдар өздеріне қиын не алдын болжай алмайтын мәселеде шешім қабылдау керек болғанда нақты шешімге келе алмайды және ештеңе істемегенді жөн көреді. Өйткені бірдеңеден айырылған соң, оның құны арта түскеніне куә болу адамды одан бетер өкіндіре түседі. Адамдар бұл тұрғыда қолға түсетінін емес, қолдан шығатынын көбірек ойлайды және бас тартып өкінгенше, қолдан шығармай соған разы болуға бейім келеді.

Тұтынушы ақша төлемейтіндіктен “үлгі” тауарды оп-оңай алады. Сусабыннан иіссуға, дайын сорпадан жеміс шырынына дейін көптеген өнімдердің үлгісін тарату жолға қойылған. Сынап көру үшін, үлгі ретінде берілетін өнімдер арқылы тұтынушыға өнім жайлы ақпар беріп, ұстанымын қалыптастыру көзделеді.

Кейде нәзік жандылар журналынан теріге арналған крем, иіссу, т.б. жеке гигиена өнімдерінің сынақ үлгілері орын алады. Мұндай тәсіл көпшілікке жету тұрғысынан болсын, өнімнің үлгісіне назарын аударту жағынан болсын таптырмас амал. 

Маркетингтің шыққан жері саналатын AҚШ-та өнімнің жарнамалық үлгісін тарату маркетингтік шығынның 55 %-дан астамын құрайтындығы кездейсоқтық емес. Бір жылдың өзінде бұл салаға 350 миллиард доллар көлемінде қаржы бөлінеді әрі бұл көрсеткіш жыл сайын арта түсуде.

Экономикада сандар, ал әңгімеде сөздер таным-түйсікті айқындайды. 10 кісілік сыныпта бесеуі келмесе, “онсыз да сыныптың 50 %-ы келмепті” деген сөйлем сөздердің таным-түйсікке қалай әсер ететінін көрсетеді. Ой-сана үлкен сан болғандықтан 50 %-дық көрсеткішке тұрақтап, 5 кісіні «көзге де ілмейді». Түйсікпен жұмыс жүргізетіндер үшін маңызды нәрсе ақпардың рас-өтірігі емес, сізді қандай нәрсеге көндіргісі келіп, неге итермелегісі келгендігінде.

Әуелі мойындаңыз. Мына нәрсе сіздің де басыңыздан өткен шығар. Жасыңызды сұрағанда бала күніңізде белгілі бір санды, ал 30-дан асқан соң туған жылыңызды айтатын болдыңыз. Бұл таным-түйсіктің таза, бейкүнә түрі болатын. Бір нәрсені басқа түрлі етіп жеткізу. Демек, адамды неге сендіргіміз келсе, бүкіл мәліметті соған қарай дайындауға болатынын түсінген шығарсыз. 

Таным-түйсік қандай жерде қалай қалыптасады, бұған қандай ғылым пайдаланылады және ең соңында алданып қалмау үшін қандай жолдар бар? Бәрі осы мақалада мысалдармен түсіндіріледі.

Жалғанды рухқа сіңдіру операциясы

Таным-түйсік психологияда, маркетинг саласында, сосын саясатта іске жарайды. Негізі психология ғылымы адамның рухын қолға түсіруді мақсат тұтады. Джо Витале “Сөздермен көндірудің психологиясы” атты еңбегінде осыны түсіндіруге тырысқан. Көптеген психолог, маркетолог немесе жұртты әлденеге сендіргісі келетін кез келген адам сізге екі басты мотивациялық құрал барын айтады: Қайғы және ләззат. Бұл бүкіл жарнаманың басты ережесі. Автордың ескертпесі де бар: “Бұл кітапты жақсылыққа қолданыңыз”. Бірақ мүлде олай болған жоқ. Білу деген сөзбен мағыналас “түсінік” ұғымы таным-түйсік қалыптастырумен ауыстырылды. Таным-түсінік ойыны басталды.

 түйсік ОЙЫНДАРЫ – ұзын үрейлі дәліз

Біріншісі, “қайғы мен үрей” денсаулық арқылы, ал екіншісі, “ләззат” экономика мен ақша арқылы тамыр жаяды. Өлімнен қорқу мен люкс өмір сүру арасындағы көрсеткіш ең төменгі баспалдақтан ең үстіңгі қатарға дейін түрлі уәделермен безендірілген. “Болашақ” және “жаңа” деген сөздер әрдайым таным-түйсікті саудалау құралы. Ескіні еске түсір, қасіретін қазбала, жарасын қанат; әдемі тілмен әдіпте, атын өзгерт, “жаңа” деген сөзді басына қой. 

Қайғы-қасіретпен өткен өмірдің жылдар өткен соң “өтімді” болуын басқаша қалай түсіндіруге болады. Мәселе қоғамның қанды жарасына айналып, соны сора берді. Кейін статистикалар іске қосылады.

Сандармен ойнау

Дәрігер емес, сатирик жазушы Генри Грегор Фелсен ертеректе жақсы емнің суық тиген адамды 7 күнде жазатынын, ем қабылдамаған жағдайда аурудың бір аптаға созылатынын жазған болатын. Тағы бір мысал, бір метро құрылысын аяқтау мерзімі 1095 күн деп көрсетіледі, ал бұл 3 жыл деген сөз. Адам ойында жыл ұзақ мерзім, оп-оңай өте қоймайды, ал күндер сусып тез өтеді. Сондықтан мерзімді күнмен белгілеген.

Мерзім белгілеу ойыны

Мерзім жайлы түсініктің ауқымы өте кең, әр қоғамның мерзім туралы таным-түйсігі және оны көрсетуі әртүрлі.

Мәселен, ғасыр деген сөзді алалық; 40 жылдық мерзімді жарты ғасырға жуық деп, 25 жылды ширек ғасыр дейтін болсақ, адам ойында ол көп уақыттай қабылданады. Мұны көбіне романдардан көреміз. Хикаяда өткен уақытты түрлі үлкен оқиғалар мен жазылған мерзімдерге қарап бағалаймыз.

Өлшем, ара қатынас, рекорд

Экономист маман кіріс таблицасын зерттеуге кіріседі. Қозғалмайтын мүлік кірісінің былтырғымен салыстырғанда 35 %-ға артуын нағыз рекорд екенін айтады. Жеке хатшысы көрсеткішті бар болғаны 0.34 % деп түзегісі келеді. Экономист сонда былай дейді:

“Сандардың бірін екіншісінен жүз есе қылып айтсақ, көп нәрсе өзгереді”. Қай көрсеткішті де айтып түсіндірудің неше түрлі жолы бар. Кейде шамамен ғана білдіріледі, нақты сан аталмайды, бұл қате болуы да мүмкін. Бір елде ұшақ саны рекордтық дәрежеде 50 %-дық шамада артқан. Алайда нақты сан маңыздырақ: Елде 6 ұшақ бар еді, ал 3 ұшақ басқа елдерден алынған болатын.

Жақсылап “оралған” шама, үлкен жалғаннан қарағанда әсерлі болады. Көзделген жерге алып барады әрі ешкім сізді кінәлай алмайды. 

Таным-түйсіктің ең төменгі сатысы: Сөздер мен сандар құрандысы

Сөз бен сандар “қоспасында” грамматика қажет болады. Қай сөз бен сөйлем қандай із, әсер қалдырады? “A елі жалпы ішкі өнім мөлшерімен шаққанда, қарызы ең көп елдер тізімінде 104 %-дық көрсеткішпен 38-ші орынға жайғасты”.  “Қарызы ең көп”, “орынға жайғасты” деген сөздер адам ойында жағымды мағынаға ие болады. Өйткені адам миы жағымдысын қабылдап, түсінуге бейім. Сол сөйлемді “Әлемдегі қарызы көп 38-ші ел” деп оқитын болсаңыз, таным-түйсігіңіз өзгеруі мүмкін.  

Тағы бір мысал, сол таным-түйсік пен қателік “Доллар бағамы көтерілді” деген сөзден байқалады. Өсу, көбею адамға ұнайтын сөздер. Осыны “Доллармен есептегенде теңгенің құны осыншалықты құлдырады” дейтін болсақ, қалтаңыздағы ақшаның құнсызданғанын ұнатпайтыныңыз анық. Tеледидар, жаңалықтар сізге ұнамайтынды айтып сізге жағымсыз көрінгісі келмейді. Екінші жағынан, жарнама арқылы өз үлесін арттыруды ойлайды. Таным-түйсік денсаулығыңызбен де ойнайды.

Аурухананың ауруы

Қызық бір салыстырма, елде аурухана саны тоқтамай көбейетін болса, ол елдің денсаулық саласының жетілгені ме? Иә, дейсіз әуелі. Бұрын аурухана жетіспеушілігінің зардабын шеккен болсаңыз, бір ауруыңыз болса, мұның құлағыңызға жағатыны анық. Алайда мұның екінші жағында ескерілмеген тағы бір нәрсе бар; бұрын жұрт сонша көп ауыратын ба еді? Мұндай сауал ойға келе қоймайды. 

Жалғастырайық, дәрі-дәрмек секторы, дәріханалар да ауруханалармен қатар көбейе түседі. “Дәрі дәріні шақырады” деген сөз бар. Осылайша науқастанып қалғанда баратын аурухананың бар болуы санаңызды рахатқа бөлейді. Ескерілмеген нәрсе: “Шіркін, еш ауырмасам, денсаулыққа пайдалы, табиғи, халалынан ас ішсем” деген сөз. Негізгі амал сол. Яғни денсаулық секторын жетілдіруден гөрі, осындай санадағы қоғам қалыптастыру дұрысырақ.

Бұның алдында да айтып өткеніміздей, қате таңдалған сынамаларды қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін пайдалана аласыз. Талғамай ала салған сынама қандай кішкене болса, онымен қалауыңызша ойнау да сондай оңай. Микрофонды алып, камераны бұрып, сөйлетесіз. Швециялық оқымыстылардың бір-екеуін қосып қоясыз, “Мына марканы қолданатындардың тіс кариесі 22 %-дан төмен болады”, дейсіз. Нәтижесін “тәуелсіз” зертхана анықтаған, нотариус мақұлдаған. Ал мисуақ дегенді баяғыда ұмытқанбыз. Бақсы-балгендің ем-домы деп дәстүрлі медицинаға мұрын шүйіре қарайтын болдық. Дәстүрлі медицинаның аты да өзгерді – баламалы медицина. Білуші ме едіңіз?

Mәселен, табиғи өнім органикалық өнім деген атаумен қайта өзімізге саудалануда. Жұрттың бәрі өзі статистик, өзі сауалнамашы болып мәліметті жалғыз өзі сараптай ма? Отырып шикі мәліметтерді өзі талдауға тиіс пе? Бұл мүмкін емес. Дегенмен, оп-оңай түсінуге көмектесетін нақтылық дәрежесі бар. Дереккөз нақтылық дәрежесін де бірге беретін болса, неге арқа сүйеу керегін білетін боласыз. Мәселен, халық санағы әлемде 6 миллиард адам барын алға тартады. Көбінесе нақтылық дәрежесі 5 %-дан төмен түспеуі керек. Кей кезде деңгейдің 1 % болуы таң қалдырады. Шынында нақты ақпардың 100 %-дық деңгейді көрсетуі керек емес пе? Oлай болса, мәселені сандар, мөлшер мен сөздерге қалдырмау керек. Рухымызға ие болымыз қажет.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0