Banner

About Us

We must explain to you how all seds this mistakens idea off denouncing pleasures and praising pain was born and I will give you a completed accounts of the system and expound.

Contact Info

123/A, Miranda City Likaoli Prikano, Dope United States

+0989 7876 9865 9

info@example.com

Темекі тастаудың төте жолдары

Баланың бар екендігінің байқалмағаны жоқтығының білінбегенінен көрі оған ауырлау тиеді. Балаңызға көңіл бөліңіз. Балаңызбен танысыңыз! Танысу – бұл қос тарапты әрекет. Балаңызды тану сіздің міндетіңіз, ал ол сізді онсыз әбден танып алған.

Табысты болған адам бақытты бола ма? Мүмкін! Бірақ бақытты болған адам табысты да болатыны анық. Не нәрсеге мән беретініңізді тілеген тілектеріңізден білуге болады. Балаңыздың жақсы болуына үнемі тілекші болыңыз.

Адамдардың жаман әдетке үйреніп кетуінің көптеген себептері бар. Еліктеу, қызығушылық, құрбы-құрдастарының әсері, тыйым салынғанға қызығу, араласатын достарының ортасы, зиянды өнімдерді сататындардың жасырын жарнамалық әдістері, жасөспірімдегі «мендік» психологиясы, қабылдау ықыласы, жеке мәселелеріне өзі шешімін тапқысы келуі және қиыншылықтан жалтаруы балаларды қорғансыз қалдыруы мүмкін.

Күтпеген жерден шыққан қиындықтар туындаған кезде ол мәселені шешуде көп еңбектену қажет. Есірткіге тәуелді болғаннан кейін, адам ағзасы әрдайым сол затты қалап тұрады, оған қол жеткізу үшін жоспарларын жасайды. Кейін одан құтылуға тырысады, бірақ бәрін басынан бастауға тура келеді. Осылайша бұл кезең өмірдің арпалысқан бір бөлігіне айналады әрі емделуі де оңай болмайды. Бұл мәселе жеке адамға да, отбасына да, бүкіл қоғамға да әсер етеді.

Ақпарат

Ата-аналар балаларды қалай тәрбиелеуді білуі керек, білмесе, үйренуі тиіс. Сіз балаңыздың балалығы мен шалалығын, өтпелі кезеңде орын алатын түсініспеушіліктері мен келіспеушіліктерін көтеруге қаншалықты дайынсыз? Балаңыздың жасөспірім шағында сіз бен балаңыз қандай мәселелермен бетпе-бет келетіндеріңізді білесіз бе? Балалар мен жастарды нашақорлыққа итермелейтін себептер жайлы хабарыңыз бар ма? Осы жағынан сіздің балаңызға төнген қауіп бар ма, жоқ па? Балаңызды зиянды заттардан ұзақ ұстау үшін сізге не істеу керек және не жасамау керек?

Не істеу керектігі мен не жасамау керектігін білу өте маңызды. Баланы тыңдамау, алалау, жөнсіз айыптау, өзгенің алдында төмендету, басқаның баласымен салыстыру, оған лақап ат қою, орынсыз сөгу, оның әр айтқанын екі етпей орындау немесе оған мүлдем құлақ аспау балаңыздың әуелі сізден алыстап кетуіне, одан кейін үлкен мәселелерге тап болуына себеп болады.

Мейірім-махаббат

Сіз үшін не маңызды? Сіздің балаңыз маңызды ма? Егер сіздің балаңыз сіз үшін маңызды болса, онда оның неге көңіл құмартатыны сізге де маңызды болуы тиіс. Балаңыздың нені ұнататынын, неге қызығушылық танытатынын біліңіз. Оның бар екендігінің байқалмағаны оның жоқтығының білінбегенінен көрі оған ауыр тиеді. Балаңызды елеусіз қалдырмаңыз..

Балаңызға оны жақсы көретіндігіңізді үнемі айтып отыруыңыз керек. Бұл махаббат әр түрлі қылық, әрекетімен жаққандығынан емес, сіздің балаңыз болғандықтан оның ақысы.

Құшақтап бауырына басқанды немесе маңдайынан искеп, өпкенді қалайтын балалар болады. Егер ата-анасы құшақтамаса, олар өздерін жақсы көрмейді деп ойлауы мүмкін. Сондықтан оларды барынша жақынырақ бауырыңызға тартыңыз.

Кітап, дәптер, сөмке мен киім-кешек сатып алу арқылы тек қаржылық қажеттіліктері қанағаттандырылады. Рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер ететін жалғыз нәрсе — бұл сыйлық. Сонымен қатар сіз сыйлық алу арқылы өз сүйіспеншілігіңізді көрсете аласыз.

Қарекет

Кей адамдар жеке жұмыс істегенде жақсы нәтиже шығарса, енді біреулері ұжыммен жұмыс істегенді ұнатады. Жалғыз өзі жасайтын іс-шаралар мен достарымен бірге жасалатын іс-шаралар оған әр түрлі жолдармен үлес қосады. Балаңызды ғылымға, өнерге, мәдениетке, спортқа баулыңыз. Мұны жасаған кезде оның неге бейім екенін де ескеріңіз.

Тәуелді заттардан аулақ болу үшін насихатты тілмен де, іспен де үзбеңіз. Мұны балаңызға сезіндіріңіз. Жасаған ізгі істеріңізден соң жүзіңізде үнемі жылы жымиыс пен мейірім болсын. Жаратқаннан балаңыз үшін тілекті әсте тастамаңыз.

Балаңызға өмірде адалдықтан ләззат алып рахаттануға мүмкіндік беріңіз. Бірге саяхаттаңыз, жүрекке тыныштық беретін жерлерге барыңыз, қолыңыз қалт еткен сайын табиғатқа шығып, сұлулығын бірге тамашалаңыз.

Балаңызға уақыт бөлу дегеніміз, өміріңізде оған деген жеке әлем жасау дегенді білдіреді. Бұл уақытты пайдалы іс-шаралармен толтырып көркемдеңіз. Бір кітапты талқылаңыз, бір тақырыпқа пікір таластырыңыз, эксперимент жасаңыз, мұражайларға барыңыз, бірге ағаш егіңіз.

Ережелер

Үй ішіне тән ережелері мен шектеулері болсын. Оларды отбасыңызбен келісіп бірге бекітіңіз. Ережелерге немқұрайлы қарамаңыз, бірақ иілімді болыңыз. Жол беру басқа, жұмсақтық таныту бір басқа.

Балаңызға үйде де, түзде де жауапкершілік жүктеңіз. Үйде қабылданған шешімдерге сәйкес, балаға міндет жүктемей тұрып, оған осы шешімдерді қабылдау кезінде онымен санасыңыз.

Балаңызға еркіндік аймағын жасаңыз. Балаңызға аяғынан тұрып, өзіне сенімді болуына және сізден қолдау табатынына  сезінуге мүмкіндік беріңіз.

Әңгімелесу

Қарсы алдымыздағы адамға бір нәрсе айтқан кезде, оның сөзіңді қалай қабылдағанын аз-көп болжауға болады. Сондықтан кейбіреулерімен кейбір мәселелер талқыланбайды. Отбасы ретінде балаңызға сенім артсаңыз, балаңыз да ішінен тынбай сізбен еркін сөйлеседі. Егер сіз оның кішігірім қателіктеріне дүрсе қоя берсеңіз, жөнге салдым деп ойлағанмен, жіберген үлкен қателіктерін кеш білетін боласыз.

Егер ата-ана баланың пікірін тыңдамаса, тыңдаса да түсіністік танытпаса және орынсыз сынай берсе, бала да сөйлеуден қалады. Балаңызды албаты кінәламаңыз. Қателік жасаған кезде, оның жеке басына жөн-жосықсыз кінә артпаңыз. Сен дегеннен көрі біз деп насихат айтқаныңыз абзал. «Сен сондайсың!» дегеннің орнына, «Бұл әрекетіңді саған жарастыра алмадым, бұл қылығың мені де алаңдатады» деп айтқан жөн.

Таңнан кешке дейін ақыл айта берсең, баланы мезі қыласың деп те насихатсыз қалдырмау керек. «Денсаулыққа зиян!» деп қана жеңіл өтпей, «Темекі тері мен беттің әрін бүлдіреді, тісті сарғайтады, дәм сезу мен иіс сезуді жояды, даусыңды жағымсыз қылады» деңіз.

Балаңызға дұрыстап көңіл бөліңіз, өздігінен шеше алмайтын мәселелердің шешімін бірге ақылдасып, дұрыс жолды көрсетіңіз.

Оның жанында ешқашан жағымсыз нәрселер туралы айтпаңыз. Арыздану мен шағым адамның күш-қуатын босқа шығындайды. Балаңыздың болашаққа үмітпен қарауы үшін келешек жайлы жақсы нәрселерді ғана айтыңыз.

Ерік-жігер

Балаңыздың не киетінін, нені жейтінін, нені оқып, нені қарайтынын, кіммен достасатынын, қандай іспен айналысатынын, тіпті, қандай кәсіпті таңдау керектігіне дейін араласқыңыз келетін шығар. Өйткені сіз оның тек қана жақсы болуын қалайсыз әрі өмірлік тәжірибеңіз оған қарағанда әлдеқайда көп. Бірақ егер сіз әрқашан оның атынан шешім қабылдасаңыз, балаңыз өз бетінше шешім қабылдауға келгенде қиналып қалады. Сіз қабылдасаңыз да, қабылдамасаңыз да, сіздің жеке шешіміңізді қабылдаған кезде балаңыз әрдайым сіздің ойлағаныңыздай әрекет етпейді. Шешім қабылдау кезінде достары, мұғалімдері, ақпарат құралдары, өзінің оқыған кітаптары, тіпті, жүрегін тыңдаған кезде де, бұлар, сіздің әсер еткеніңіздей әсер етеді. Сондықтан оған балалық шағында және кішігірім жұмыстарда таңдау құқығын беріңіз.

Оған қауіп төнгенде, қысым жасағанда, теріс бір әрекетке итермелегенде, бұзық ниетті ұсынысқа тап болғанда не істеу керектігін үйретіңіз. Осы тәрізді жағдайлардың сценарийлерін жасап, үйіңізде жан-жақты талқылаңыз. Жаман іске барарда «Жоқ!» деудің мықты қыла түсетінін білдіріңіз.

Сабырға үйрету балалардың ерік-жігерін күшейту үшін қажет. Балаңыздың шыдамдылығын сынап, төзімділігін арттыратын мүмкіндіктерді тиімді пайдаланыңыз. Мұны жасай отырып, сіз қиын жағдаймен бетпе-бет келесіз, бірақ бұл жерде сіздің шыдамдылық танытуыңыз өте маңызды. Егер демалыс күндері балаңыздың жақсы көрген бір нәрсесін жасағыңыз келсе, оны тосынсый қылмай-ақ бірден айтып қойыңыз. Қуансын, күтсін, бірнеше күн құлақ етіңізді жесін… Балаңызға күн санауды үйретіңіз. Үйде тұқымынан гүл егіңіз және оның өсуін отбасымен бақылаңыз.

Қоршаған орта

Балаға далада, көшеде қауіпті дегенмен іс бітпейтіндей, кейде осы сөздің өзі қауіп төндіруі мүмкін. Оны әйнек құтының ішінде өсіре алмайсың, әсіресе, терезе, экран арқылы сыртқы әлеммен байланысу мүмкіндігі барда. Баланы өмірге дайындау дегеніміз, оған үйден тыс жерде аяқта нық тұра білуді үйрету.

Жолдастарына “жоқ” деу қиын, балаңыздың жақсы дос табуына көмектесіңіз.

Жастар сыртқы көрініске (имидж) басымдық береді. Балаңызды қолына темекі емес, кітап ұстауды артық көретін жерлерге баруға дағдыландырыңыз.

Қолдау

Оның уайым, күйзеліс, күдік секілді сезімге қандай жағдайда, қаншалықты жиі берілетініне және қиын кезде не істейтініне ден қойыңыз. Балаңыздың түңіліс, күйзеліс, ашу, стресс, депрессия тәрізділерді жеңу жолдарын жетілдіруіне қолдау көрсетіңіз.

Балаңызбен танысыңыз! Танысу – екі жақты амал. Сіздікі – балаңызды тану. Ол сізді онсыз да таниды.

Ұмытқысы келген нәрселер болса, сіз де оны естен шығарыңыз, еске алып балаңызды ұялтпаңыз.

Балаңыздың жақсы қасиеттерін және істеген жақсы істерін бағалаңыз, мұны сөзіңізбен, ісіңізбен білдіріңіз. Oны түсініңіз, жақсы жақтарын байқаңыз, сіздің назарыңызды аудару үшін жағымсыз бір нәрсе істеп әуре болмасын.

Балаңыздың қалауына құлақ асыңыз, қызыққан ісімен шұғылдануына демеу болыңыз. Кім болғысы келетінін білген адам табанды, бағдарын біледі. Үлгілі адам мақсат-мүддесіне ұмтылады, оған басқа қызықтың қажеті жоқ.

Қорғаштап яки немқұрайлы қарап, не болмаса, қысым жасамаңыз. Қорғаштасаңыз, балаңыз қауіптен сақтануды үйренбейді, немқұрайлылық танытсаңыз, ол алдыңыздан проблемамен шығады, қысымға түссе, жарылады.

Табыс

Балаңыздың табысты ма, әлде бақытты болғаны керек пе? Екеуін де қалайтын шығарсыз. Oнда зер салыңыз: Табысты жанның бақытты болуы да мүмкін бе? Мүмкін! Дегенмен, бақытты адамның табысты болуы да әбден мүмкін ғой.

Мектептегі жетістігін асыра бағалауға асықпаңыз. Баланың бағаларына емес, еңбектенуіне мән беріңіз. Нәтижеге емес, үдеріске көңіл аударыңыз. Балаңыз жеңіске жетпесе де, жүріп өткен жолының дәмін сезінсін.

Материяға тәуелді болғанын қаламасаңыз, рухани байлық қалыптастырудың жолдарын қарастырыңыз. Көкейіңіздегіні жасаған тілегіңіз көрсетеді. Балаңыздың жақсы болуын шынайы жүрекпен тілеңіз.

Сенім

Тәуелді ететін нәрселердің қандай қажетке жарайтынына қараңыз және сіз де пайдаға асар нәрсе жасаңыз. Балаңыз сіздің жаныңызда бар проблемасын ұмытсын, өзіне сенімді болсын. Балаңызбен бірге уақыт өткізуден сіз де ләззат алыңыз және мұны оған айтып тұрыңыз.

Балаңызды мақұлдап тұруды естен шығармаңыз, өзін көрсете білуіне жәрдемдесіңіз, өзін бағалы сезінуі де маңызды.

Oны сол қалпында құп көретініңізді айтыңыз, мұны толық сезінсін, баланы барымен қабылдауға тиіссіз. Бұл оның жан-жақты жетілуіне себеп болады.

Әлемде жыл сайын 6 миллион адам темекінің кесіренен өмірден озады. Бұл әр 10 секундта бір адам өледі деген сөз.

Күніне шамамен бір қорап темекі шегетін адам күн сайын миына 300 никотин соққысы береді.

Добавить комментарий