Uncategorized

Таным-түйсік ойындары

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

Экономикада сандар, ал әңгімеде сөздер таным-түйсікті айқындайды. 10 кісілік сыныпта бесеуі келмесе, “онсыз да сыныптың 50 %-ы келмепті” деген сөйлем сөздердің таным-түйсікке қалай әсер ететінін көрсетеді. Ой-сана үлкен сан болғандықтан 50 %-дық көрсеткішке тұрақтап, 5 кісіні «көзге де ілмейді». Түйсікпен жұмыс жүргізетіндер үшін маңызды нәрсе ақпардың рас-өтірігі емес, сізді қандай нәрсеге көндіргісі келіп, неге итермелегісі келгендігінде.

Әуелі мойындаңыз. Мына нәрсе сіздің де басыңыздан өткен шығар. Жасыңызды сұрағанда бала күніңізде белгілі бір санды, ал 30-дан асқан соң туған жылыңызды айтатын болдыңыз. Бұл таным-түйсіктің таза, бейкүнә түрі болатын. Бір нәрсені басқа түрлі етіп жеткізу. Демек, адамды неге сендіргіміз келсе, бүкіл мәліметті соған қарай дайындауға болатынын түсінген шығарсыз. 

Таным-түйсік қандай жерде қалай қалыптасады, бұған қандай ғылым пайдаланылады және ең соңында алданып қалмау үшін қандай жолдар бар? Бәрі осы мақалада мысалдармен түсіндіріледі.

Жалғанды рухқа сіңдіру операциясы

Таным-түйсік психологияда, маркетинг саласында, сосын саясатта іске жарайды. Негізі психология ғылымы адамның рухын қолға түсіруді мақсат тұтады. Джо Витале “Сөздермен көндірудің психологиясы” атты еңбегінде осыны түсіндіруге тырысқан. Көптеген психолог, маркетолог немесе жұртты әлденеге сендіргісі келетін кез келген адам сізге екі басты мотивациялық құрал барын айтады: Қайғы және ләззат. Бұл бүкіл жарнаманың басты ережесі. Автордың ескертпесі де бар: “Бұл кітапты жақсылыққа қолданыңыз”. Бірақ мүлде олай болған жоқ. Білу деген сөзбен мағыналас “түсінік” ұғымы таным-түйсік қалыптастырумен ауыстырылды. Таным-түсінік ойыны басталды.

 түйсік ОЙЫНДАРЫ – ұзын үрейлі дәліз

Біріншісі, “қайғы мен үрей” денсаулық арқылы, ал екіншісі, “ләззат” экономика мен ақша арқылы тамыр жаяды. Өлімнен қорқу мен люкс өмір сүру арасындағы көрсеткіш ең төменгі баспалдақтан ең үстіңгі қатарға дейін түрлі уәделермен безендірілген. “Болашақ” және “жаңа” деген сөздер әрдайым таным-түйсікті саудалау құралы. Ескіні еске түсір, қасіретін қазбала, жарасын қанат; әдемі тілмен әдіпте, атын өзгерт, “жаңа” деген сөзді басына қой. 

Қайғы-қасіретпен өткен өмірдің жылдар өткен соң “өтімді” болуын басқаша қалай түсіндіруге болады. Мәселе қоғамның қанды жарасына айналып, соны сора берді. Кейін статистикалар іске қосылады.

Сандармен ойнау

Дәрігер емес, сатирик жазушы Генри Грегор Фелсен ертеректе жақсы емнің суық тиген адамды 7 күнде жазатынын, ем қабылдамаған жағдайда аурудың бір аптаға созылатынын жазған болатын. Тағы бір мысал, бір метро құрылысын аяқтау мерзімі 1095 күн деп көрсетіледі, ал бұл 3 жыл деген сөз. Адам ойында жыл ұзақ мерзім, оп-оңай өте қоймайды, ал күндер сусып тез өтеді. Сондықтан мерзімді күнмен белгілеген.

Мерзім белгілеу ойыны

Мерзім жайлы түсініктің ауқымы өте кең, әр қоғамның мерзім туралы таным-түйсігі және оны көрсетуі әртүрлі.

Мәселен, ғасыр деген сөзді алалық; 40 жылдық мерзімді жарты ғасырға жуық деп, 25 жылды ширек ғасыр дейтін болсақ, адам ойында ол көп уақыттай қабылданады. Мұны көбіне романдардан көреміз. Хикаяда өткен уақытты түрлі үлкен оқиғалар мен жазылған мерзімдерге қарап бағалаймыз.

Өлшем, ара қатынас, рекорд

Экономист маман кіріс таблицасын зерттеуге кіріседі. Қозғалмайтын мүлік кірісінің былтырғымен салыстырғанда 35 %-ға артуын нағыз рекорд екенін айтады. Жеке хатшысы көрсеткішті бар болғаны 0.34 % деп түзегісі келеді. Экономист сонда былай дейді:

“Сандардың бірін екіншісінен жүз есе қылып айтсақ, көп нәрсе өзгереді”. Қай көрсеткішті де айтып түсіндірудің неше түрлі жолы бар. Кейде шамамен ғана білдіріледі, нақты сан аталмайды, бұл қате болуы да мүмкін. Бір елде ұшақ саны рекордтық дәрежеде 50 %-дық шамада артқан. Алайда нақты сан маңыздырақ: Елде 6 ұшақ бар еді, ал 3 ұшақ басқа елдерден алынған болатын.

Жақсылап “оралған” шама, үлкен жалғаннан қарағанда әсерлі болады. Көзделген жерге алып барады әрі ешкім сізді кінәлай алмайды. 

Таным-түйсіктің ең төменгі сатысы: Сөздер мен сандар құрандысы

Сөз бен сандар “қоспасында” грамматика қажет болады. Қай сөз бен сөйлем қандай із, әсер қалдырады? “A елі жалпы ішкі өнім мөлшерімен шаққанда, қарызы ең көп елдер тізімінде 104 %-дық көрсеткішпен 38-ші орынға жайғасты”.  “Қарызы ең көп”, “орынға жайғасты” деген сөздер адам ойында жағымды мағынаға ие болады. Өйткені адам миы жағымдысын қабылдап, түсінуге бейім. Сол сөйлемді “Әлемдегі қарызы көп 38-ші ел” деп оқитын болсаңыз, таным-түйсігіңіз өзгеруі мүмкін.  

Тағы бір мысал, сол таным-түйсік пен қателік “Доллар бағамы көтерілді” деген сөзден байқалады. Өсу, көбею адамға ұнайтын сөздер. Осыны “Доллармен есептегенде теңгенің құны осыншалықты құлдырады” дейтін болсақ, қалтаңыздағы ақшаның құнсызданғанын ұнатпайтыныңыз анық. Tеледидар, жаңалықтар сізге ұнамайтынды айтып сізге жағымсыз көрінгісі келмейді. Екінші жағынан, жарнама арқылы өз үлесін арттыруды ойлайды. Таным-түйсік денсаулығыңызбен де ойнайды.

Аурухананың ауруы

Қызық бір салыстырма, елде аурухана саны тоқтамай көбейетін болса, ол елдің денсаулық саласының жетілгені ме? Иә, дейсіз әуелі. Бұрын аурухана жетіспеушілігінің зардабын шеккен болсаңыз, бір ауруыңыз болса, мұның құлағыңызға жағатыны анық. Алайда мұның екінші жағында ескерілмеген тағы бір нәрсе бар; бұрын жұрт сонша көп ауыратын ба еді? Мұндай сауал ойға келе қоймайды. 

Жалғастырайық, дәрі-дәрмек секторы, дәріханалар да ауруханалармен қатар көбейе түседі. “Дәрі дәріні шақырады” деген сөз бар. Осылайша науқастанып қалғанда баратын аурухананың бар болуы санаңызды рахатқа бөлейді. Ескерілмеген нәрсе: “Шіркін, еш ауырмасам, денсаулыққа пайдалы, табиғи, халалынан ас ішсем” деген сөз. Негізгі амал сол. Яғни денсаулық секторын жетілдіруден гөрі, осындай санадағы қоғам қалыптастыру дұрысырақ.

Бұның алдында да айтып өткеніміздей, қате таңдалған сынамаларды қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін пайдалана аласыз. Талғамай ала салған сынама қандай кішкене болса, онымен қалауыңызша ойнау да сондай оңай. Микрофонды алып, камераны бұрып, сөйлетесіз. Швециялық оқымыстылардың бір-екеуін қосып қоясыз, “Мына марканы қолданатындардың тіс кариесі 22 %-дан төмен болады”, дейсіз. Нәтижесін “тәуелсіз” зертхана анықтаған, нотариус мақұлдаған. Ал мисуақ дегенді баяғыда ұмытқанбыз. Бақсы-балгендің ем-домы деп дәстүрлі медицинаға мұрын шүйіре қарайтын болдық. Дәстүрлі медицинаның аты да өзгерді – баламалы медицина. Білуші ме едіңіз?

Mәселен, табиғи өнім органикалық өнім деген атаумен қайта өзімізге саудалануда. Жұрттың бәрі өзі статистик, өзі сауалнамашы болып мәліметті жалғыз өзі сараптай ма? Отырып шикі мәліметтерді өзі талдауға тиіс пе? Бұл мүмкін емес. Дегенмен, оп-оңай түсінуге көмектесетін нақтылық дәрежесі бар. Дереккөз нақтылық дәрежесін де бірге беретін болса, неге арқа сүйеу керегін білетін боласыз. Мәселен, халық санағы әлемде 6 миллиард адам барын алға тартады. Көбінесе нақтылық дәрежесі 5 %-дан төмен түспеуі керек. Кей кезде деңгейдің 1 % болуы таң қалдырады. Шынында нақты ақпардың 100 %-дық деңгейді көрсетуі керек емес пе? Oлай болса, мәселені сандар, мөлшер мен сөздерге қалдырмау керек. Рухымызға ие болымыз қажет.

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0