Banner

About Us

We must explain to you how all seds this mistakens idea off denouncing pleasures and praising pain was born and I will give you a completed accounts of the system and expound.

Contact Info

123/A, Miranda City Likaoli Prikano, Dope United States

+0989 7876 9865 9

info@example.com

Лай судағы ақ маржан күріш

Күріш алқаптарының көрінісі расында көз тартады, еппен кескен торт тілімдеріне ұқсайтын су толы атыздар жап-жасыл қауыз тәрізді. Лотос гүлі жайқалып тұрғандай әдемі жерлер. Міне, ас мәзірімізден түспейтін күріш осындай көрікті, маңдай тері ылай суға таматын өңірлерден келеді.

Тілімізде тіптен күрішке қатысты мәтелдер қалыптасып, мәдениетімізге де енген. Аталарымыз кез келген нығметті құрмет тұтқан. Күріштің алар орны да ерекше. “Күріштің берекесі оның бір дәнегінде, қайсысында екені белгісіз, бір түйірін де ысырап қылмау керек” дейтін.

Ақ маржанды қаралау мүмкін бе?

Жақсы, ал осындай маңызды, құрметке лайық азық саналған күріш зиянды нәрсеге айналуы мүмкін бе? Мамандардың әсіресе, диабетіктер мен семіздікке бейім жандардың күріш жеуіне қарсы болуының себебі не? Дақылды зауытта өңдеу кезінде түрлі зардаптың бас көтеруіне себеп болуы мүмкін бе? Келіңіз, мән-жайына бірге үңілейік:

Күріш егін ретінде орылған соң зауыттарда бес түрлі жекелеген өңдеуден өтеді. Әуелі қабығы аршылып ақталады, сосын сатылай алға жылжып кебегінен арылтады, тазалайды, ең соңында өсімдік майымен жылтырытып сатылымға шығарады. Ал ақталмай тұрғанда күріш те бидай секілді сарғыш, кебекті болады. Күріштің кебегінен арылып, негізінен, тек крахмалымен ғана қалуы оны пайдалы нәрседен гөрі, зиянды затқа айналдырады. Крахмал мөлшері мол ақ күріштің гликемиялық индексі де жоғары болатындықтан (86-100 %), қант диабетімен ауыратындарға зиянды. Өйткені қант мөлшерін көтереді. Қызығы, күріштің пайдалы кебегі болса, қазір көбіне-көп мал жемі ретінде пайдаланылады. Соңғы кездері күріштің кебек майы, маскасы, сабыны, әрлегіші секілді өнімдер пайда болғанмен, қолданыс аясы шектеулі.

Ақ күріштің шын құны кебегінде

Қара, ақталмаған яки кебекті күріштің пайдасын санап бітіре алмайсың. Рас, аппақ күріштің таңдайға тиер дәмі өзгеше. Ал кебекті күріш тамақ қырнайтындай. Бұдан бөлек, кебекті күріш минералды тұздар тұрғысынан 80, негізгі органикалық қоспалар тұрғысынан 60 %-ға бай. Қара күріштің жүрек ауруы, қатерлі ісік және тыныс жолдары ауруына қарсы ағзаға күш беретін қасиеті бар.

Күріш көп өңдеуге түспей, сыртқы қабығынан ақталған соң, қоңырқай түрінде қолданылуға жарамды. Сол күйінде қолданылғанда бидайдан жасалған бұлғырға ұқсайды. Тіптен білмейтін адам оны бұлғырмен шатастыруы мүмкін. Бұл бір жағынан талап-тілекке де байланысты.

Жұрт көрнекі, жылтыраған түріне және тез пісетініне қызығатын болған соң, зауыттар соған сай өнімді көбейтеді. Сұраныс артқан сайын қажет үлгіде өндіру оңайырақ, шығыны аз әрі пайдасы мол болмақ. Мұнымен қатар, аз өңделгендерінің бұзылмай сақталу мерзімі артады. Өйткені күріштің бал тәрізді жүздеген жылдар бұзылмай тұруы мүмкін екендігі анықталған.

Мынаны назарда ұстағанның да пайдасы бар: күріш үнемі суда тұрып өсетіндіктен ол судың таза болғаны жөн. Улы қалдықтармен ластанған суда өскен күріштің зиянды әсері болуы мүмкін. Сондықтан күріш суаратын су көздерінің сенімді әрі су қоймаларының таза болуы қажет.

Күріштің тағы бір қауіпті жағы бар, ол генін ойын алаңына айналдыруға байланысты. Күріш жүгері, соя бұршағы, мақта секілді дақылдардан кейін гендері өзгертіліп жүрген өсімдіктердің бірі. Сары түсіне қарай алтын күріш деп аталатын, зағиптыққа жол ашатын А дәруменінің кемшілігін жоятын күрішті генін ауыстыру арқылы шығарған. Алайда жеткілікті зерттеу, тәжірибе жүргізілмей асығыс мақтауға іліккен бұл күріш ойдағы талаптан шықпаған. Өкініштісі, бір жағынан, Р450 цитохром гені күріште гербицид зарарының алдын алу үшін қолданылады. Шыққан тегі күңгірттеу болған соң көңілде күдік оятатын азық қатарына жатады.

Тағы бір түрі Оңтүстік Азия елдерінде өсетін, гликемиялық индексі төмен, ауған күріші деп сатылатын ұзын, жіңішке болып келетін түрі, ол айырықша талғамды қажет етеді. Бұл күріш салмақ қосу қиын адамдарға және қант диабеті барларға пайдалы саналады. Қазір күріштің қара түрі де бар. Бірақ жергілікті өнімнен таңдаған жөн. Сырттан келгендер беймәлім, ал жергілікті өнімдер минералға бай болатынын естен шығармаған дұрыс. Импортталған күріш баға айырмашылығына байланысты жергілікті күрішке араласқан түрде сатылымға шығуы да мүмкін. Кез келген қауіптен сақтану үшін сенімді жерді таңдаған жөн.

Күріш алу

Күріш – ағзаға күш беріп, жетілдіретін, теріге әр сыйлап, асқазанды жеңіл ұстайтын, қоректік құндылығы жоғары дақыл түрі. Құрамында магний, калий, кальций, темір, талшық, крахмал, май және ақуыз сияқты заттар бар. Дәстүрлі әдебиетте күріш тұтынудың ұйқыға да әсер ететіні, күріш жеген адамның тәтті түс көретіні сөз болады.

Соңғы жылдары қоңыр яки қара күрішке сұраныс артып келеді. Сондай-ақ денсаулыққа пайдасы көп сөз болған қара, табиғи түрде өсірілген қызыл күріш түрлері егіліп, сұранысы артуда. Қызыл не қара күріштің қоректік құндылығы ақ күрішке қарағанда, артық екендігі алға тартылуда.

Күріш негізгі қоректеріміздің бірі. Күрішті шектен тыс өңдеу оны зиянды нәрсеге айналдыруы мүмкін. Қара, қызыл күріштердің өндірісі салыстырмалы түрде жаңа және соған орай аз әрі қымбат. Көбейіп, арзандаған соң балама ретінде алдан шығар.

Добавить комментарий