ДЕНСАУЛЫҚ

Көненің көнермейтін ем тәсілі- Хижама

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

Дамыған медицина ғылымы қазір көптеген дертке дауа таппай дағдаруда. Қазір науқастар дерт пен дәрінің байланысын білгісі келеді және жаңаша балама іздеуге ден қойған. Халық заманауи медицинадан таппаған емін балама жолдардан іздейді. Сондайдың бірі көнеден келе жатқан, бірақ көнермеген тәсіл – хиджама.

ижама деген не?

Хижама – ең әуелі денсаулық үшін, бойға жұққан кеселдерден арылу үшін дененің кей жерлерінен дұрыс тәсілмен қан алу. Кішкене-кішкене тілініп, вакуумдау кезінде ұсақ тамыр (капилляр) тіндерінде пайда болған бүліну биохимиялық әсерге түседі. Бұл ерекше химиялық молекулалар бұлшық ет пен жүйке ұштасқан тұста және тамырлар арасы айналымдағы бүлінген жүйені ретке келтіріп, жөнделген жасушаларды хижама жасаған аймаққа шақырады. Сондай-ақ иммундық жүйеге ескерту жіберіп белсенді күйге түсіреді. 

Хижама Миғражда айтылған

Тарихта қай елде де хижаманы денсаулық сақтаудың бір тәсілі ретінде қолданған.

Ибн Aббас (р.a.) Пайғамбарымыздың (с.a.у.) былай дегенін риуаят еткен: “Mиғраж түні періштелердің қай қауымына жолықсам да, олар маған: “Уа, Mұхаммед, қан алдыруды (хижаманы) ұмытпа және үмметіңе де ескерт”, деді”. Осы тектес көптеген хадистерде бізге хижама жасатуды ұсынады.

Қадірін білетіндер мен білмейтіндер және кеш те болса түсінгендер

Британия королінің отбасы мүшелеріне доктор Ахмет Йонус хижама жасағаны мәлім. Иранда 4000 баланы екі топқа бөліп, бір тобына хижама жасалған. Соңында сол топта байқалған оң нәтиже еріксіз таң қалдырған.

Қай кезде жасалады және қандай кесел түрлеріне ем?

Мұсылмандар арасында сүннет ретінде жасалатын хижаманы басқаларда денсаулық және емдік шара үшін қолданады.

Денсаулық үшін көктем және күзде жылына екі рет, хижри күнтізбесі бойынша айдың 17, 19, 21 және 23-інде, апта күндерінен жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі күндерінде жасатады. Ал ем үшін кез келген кезде жасауа болады. Хижама негізінен арқа жақта 7 не 9 нүктеге жасалады. Бұл жерлер бір жағынан акупунктуралық нүктелер немесе био-белсенді нүктелер деп те аталады. 

Хижама мынадай кесел түрлерінде араға белгілі уақыт салып 5-7 мәрте, түрлі анатомиялық аймақтарға жасалады:

• Гипертония, диабет, ревматизм сияқты созылмалы аурулар,

• Жарақат салдарынан қайырып, ауыртып алған жағдайда,

• Мигрен (сақина) және басқа бас аурулары,

• Үрей, депрессия, балаларда ұшқалақтық, ойсыздық секілді психикалық кеселдер,

• Созылмалы қажу, БАС (Бүйірлік амиотрофиялық склероз) тәрізді неврологиялық ауру түрлері,

• Жұмсақ тіндердің ревматизмі,

• Балалардың төсекке жіберіп қоюы, егде жастағыларда жадтың әлсіздігі, ұмытшақтық, құлақ шыңылдауы, бас айналуы.

Қай-қайсының да өзіне тән жеке тәсілдері бар. Хижаманың өзін ғана жасаумен бірге, сүлікпен емдеу тәсілін қолданып кешенді түрде де жасауға болады.

Бойымызда не бар?

Ғылыми тұрғыдан терімізді танып көрелік. Денеміз анатомиялық аймақтарына қарай әртүрлі болумен қатар, әр шаршы сантиметрде орташа есеппен:

• Oн жұмсақ фолликул,

• Oн бес май безі,

• Екі жүз тер безі,

• Жарты метр қан тамыры,

• Екі метр нейрондық желі,

• Үш мың сезім жүйкесінің ұшы,

• Екі жүз ауыру сезетін жүйке ұшы, 

• Жиырма бес түйір қысымды сезінетін жүйке мүшесі,

• Екі салқынды қабылдайтын,

• Oн екі жылыны қабылдайтын жүйке мүшесі бар.

Саны үш миллионнан бес миллионға дейін баратын тер бездері метаболикалық қалдықтарды денемізден шығару үшін бүйректен кем жұмыс істемейді. Ұсақ тамыршықтардың жиырылып-кеңеюі және терлеу арқылы қызудың тепе-теңдігі сақталады. Тұжырымдай айтқанда, денемізді сыртқы әлемнен қорғайтын қалқан міндетін атқара отырып, түрлі антигендердің, зиянды заттардың тер арқылы ағзамыздан шығуын қамтамасыз етеді. Сыртқы дүниеге ашық теріміз қанды сүзгіден өткізіп, қоршаған ортаның ластығы, шампун, сабын тәрізді химиялық ластағыштар, косметикалық өнімдер, кір жуғыш ұнтақтардың қалдығы, матаның бояуы дегендердің кесірінен кәдімгі «қоқысқа» айналады. Артериялардағы қан айналымы бәсеңдеп тоқтауға шақ қалады. Осы кезде, ағыны баяулаған өзеннің шөп-шаламы секілді, қалдықтар теріміздегі жасушалар арасында тығыздалып немесе ұсақ тамыршықтарда тұрып қалады.

Хижама жасатқанда вакуумдау кезінде ағзадан шығуға тиіс әлгі заттар тері астына келіп жиылады. Құдды шығар есікке бет алғандай болады.

Теріміз осы тазарту қызметіне қолдау көрсету үшін, мүмкіндігінше мақта, кетен және жүннен тоқылған киім киген дұрыс. Қан айналымын бұзатын тар және энергия айналымына кедергі келтіретін синтетикалық матадан тігілген киімдерді кимеу керек. 

Қай жерге, қалай жасалады?

Хижама тәсілін меңгерген кәсіби мамандар қай жерлерге жасалатынын біледі. Жөнді білмейтіндерге жасатса, емі де дұрыс болмайды.

Жасалуы: бір рет қолданылатын банкалар тиісті жерлерге қойылып вакуумдалады және 2-3 минут күтеді. Сол аймақтағы қан айналымы шапшаңдап, жасушалар арасына көп су жиналады.

Банкалар өз ретіне қарай алынады. Теріні тереңдігі 05-1,5 мм, ұзындығы 10 мм 25-30 шақты жерден тіледі.

Осы тілінген аймақ қайтадан сол банкамен вакуумдалады. 8-10 минуттай күтеді. Керек болса, арасында вакуумдауды жалғастыра береді. Терісі сезімтал кісілерде бұл уақытты қысқартады. 

Басқа хижама жасатуда тілмей тұрып 30 секунд, тілген соң 2-3 минут орташа күшпен вакуумдайды.

Банкалар күретамыр (артерия) қанына, лимфа сұйықтығына, жасушалар арасы суына және солармен бірге вакуумдалған қалдықтарға толған соң, ол жерден алып, кейде қан тоқтамаса, басқа жаңа банканы сондай тәсілмен қайта қояды.

Тілінген жерлер шайқурай майымен тазаланады, ыңғайлы нәрсемен жабылады. Екі күн су тигізбеу керек.

 

Жасатарда және жасатқан соң неге мән беру керек?

• Хижамадан бұрын қан айналымын баяулататын іс-әрекеттен аулақ болу қажет.

• Aш қарынға жасалады. Шамамен 3 сағат бұрын ішіп-жеуді доғару керек.

• Кемінде 24 сағат мал өнімдерін тұтынбаған жөн.

• Жасатқан соң кемінде 2 сағаттай ештеңе жемеу керек.

• Тағы екі күн мал өнімдерін тұтынбаған дұрыс.

• Хижамадан кейін сіркелі су, бал қосылған сусын ішу керек. Өйткені бұл екеуінің тамыр кеңейтетін қасиеті бар.

 

Кімдерге жасатуға болмайды?

• Егде кісілерге

• Кардиостимулятор тағулы кісілерге

• Тым сезімтал кісілерге

• Ағза тасымалы жасатқандарға

• Қан қысымы төмендерге

• Гемофилиямен (бір нәрсе кесіп кетсе, қан тоқтамайтын) ауыратындарға 

• Химиотеропия жасатқан науқастарға.

Айналып келгенде, хижама жасату ең тиімді ағза тазарту тәсілі ретінде, әсіресе, “қорек түрлері химиялық заттарға толы” қазіргі таңда адам еркінде емес, қажеттілік.

Ескерту: Аяғы ауыр әйелдерге бірінші рет хиджама жасалатын болса, босанғанша күтеді. Оған дейін хижама жасатқан болса, қайталап жасату өте пайдалы.

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0