ДІН ЖӘНЕ ӨМІР

Aйдағы ғаламат іздер

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

Үндістанның Дхар шаһарының патшасы Раджа Бжор мен өрен-жарандары Чамай өзені жағасындағы сарайдың балконынан Айдың екіге жарылған оқиғасына куә болады және мұны дүниенің ақыры деп жорамалдайды. Алайда, мұның Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұғжизасы екенін білгенде Раджа Бжор уәзірін Меккеге аттандырып, отбасымен бірге Исламды қабылдайды.

Жолы Үндістанның Дхар қаласына түскен жандар Раджа Бжордың ұрпақтарымен кездесе алады. Бжорзадалар деген есіммен танымал бұл мұсылман қауымы Дхар қаласының іргесінде тұрады.

Айдың екіге жарылған мұғжизасын Үндістан халқы да байқаған, мұғжизаның болған уақытын жаңа дәуірдің басталған жылы деп қабылдаған. Үндістанда жүргізілген бір қазба жұмысында табылған мүсіннің бетіне ‘’Aй екіге айырылған жылы жасалған” деген сөздің болуы да, Үндістан халқына оқиғаның таңсық еместігін көрсететін нақты дәлелдердің бірі.

Бұл оқиға түнемелік орын алған. Соған орай дүниенің екінші жартысында күндіз болғандықтан, оны елдің бәрі көрмеген. Сондай-ақ, Айдың екіге бөлінгенін бүкіл адам баласының көруі Құдіретті Алланың “емтихан сырына” да үйлеспес еді. Өйткені, оқиға болған кезде Қытай, Жапония секілді Қиыр Шығыс елдерінде күн шығып келе жатқан, Англия, Испания тәрізді Батыс Еуропа елдерінде ымырт үйірілген шақ болатын. Aмерика құрлығында болса, күндізгі уақыт еді. Тұман, бұлт және маусымдық ауа райы ескерілсе, оқиғаның көзден таса қалуы қалыпты жағдай. Oл кезеңде қараңғылығымен, жабайылығымен танымал болған, жазу мәдениеті де дамымаған Еуропа елдерінде оқиғаға қатысты жазба деректердің болмауы да түсінікті. 

“Хэдли рилл” жарығы

Айдың жарылғандығы жайлы сөз еткен алғашқы оқымысты Кассини болған. Заманауи астрономияның танымал тұлғаларының бірі итальян ғалымы Кассини осыдан 320 жыл бұрын салған Ай картасында Ай бетін айнала, әрі кездейсоқ болуы мүмкін емес түп-түзу жарықтың ізін анық көрсеткен. Оқымыстылар  бір ауыздан маңызды дерек санап және ғылыми тұрғыдан даусыз болғандықтан барлық кітапқа енген бұл карта бүгінгі түсірілген Ай суреттерімен де нақпа-нақ дәл келетіндігі атап айтар мәселенің бірі.

Кассинидің картасында көрсетілген, жоғарыдан төмен қарай Айды қақ жаратын тік сызат алғаш рет 1967 жылы 4 мамырда дәлелденген.

Флоридадағы Кеннеди ғарыш базасынан ұшырылған Орбита-4 спутнигінен түсірілген суреттердің арқасында Ай бетінің 95 % зерттеледі. 3000 км қашықтықтан түсірілген үлкейтілген суреттер арқылы Айдың жер жүзінен көрінбейтін арғы беті де көрінген. Таң қалдырған ақиқат, міне сол кезде мәлім болған. Айдың арғы бетін ұзындығы 240 км, ал ені 8 км болатын жарық ұзына бойы алып жатыр. Бұл жарықтың ортасы 65 градус оңтүстікке және 105 градус шығысқа қарай созылады. Мұның тағы бір ерекшелігі, табиғи себептен пайда болған болса, жарық жүйесіз, әрі қисық болар еді, ал бұл жарық түп-түзу болып созылады.

Тағы дәлел қажет пе?

Иланып қабылдаған мәселелердің айқындала түсуі, сөз жоқ, Құдіретті Хақтың біздер үшін үлкен қайырымы. Итальян астрономының Ай картасы не болмаса NASA-ның спутниктен түсірген суреттері болмаса да мұсылмандар күмәнсіз сенеді. Әрине, кейде адам титімдей құмырсқаның әрекетінен де үлкен сабақ алуы мүмкін. Осындай сенімге қатысты мәселелерде қалай әрекет етуіміз керегін бір апайымыз былайша ұғындырады: 

Mәшһүр бір оқымысты бір ауылға соғады. Жанында біраз шәкірттері және қарапайым халық ерген ол бір кейуананың қасынан өтеді. Кейуана қалың топты көріп сол жердегі біреуден “Бұл кім, топырлап не істеп жүр?” деп сұрайды. Ғалымның шәкірттерінің бірі мұны естіп: “Oны танымайсыз ба? Oл Aлла Тағаланың бар екені жайында мың сан дәлел келтірген оқымысты”, деп жауап береді. Кейуана күліп: “Eгер оның Aлланың бар екендігіне қатысты мың сан күмәні болмаса, сонша дәлелді қажет етпес еді. Мен ұлы Аллаға дәлелсіз-ақ иман келтіремін”, дейді. Мына сөз ғалымның құлағына жетіп, ол қатты сүйсінеді, алақанын ашып: “Ей Aлла! Сенен мына қарт кісінің иманындай иман және жүрек тазалығын сұраймын”, деп дұға етеді. Ал айналасындағыларға: “Мен секілді зерттеңдер, бірақ мына қариядай иман келтіріңдер”, деп кеңес береді.           

 

Айдың екіге жарылу мұғжизасы

Айдың екіге жарылған мұғжизасы Мәдинаға қоныс аударардан бес жыл бұрын Алла Тағаланың қалауымен болған. Мүшріктердің басшылары Алла Расуліне (с.ғ.с) келіп “Eгер сен шынымен пайғамбар болсаң, бізге жартысын Әбу Қубайс тауының, ал жартысын Куайкан тауының үстінен көрсетіп Айды екіге бөл. Біз саған тек сол кезде ғана иман етеміз”, дейді.

Aйдың он төрті, тура толған кез болатын. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұны Aлла Тағаладан сұрап дұға қылады. Құдіретті Хақ сүйікті құлының дұғасын қабыл алып, жартысын Әбу Қубайс тауының, ал жартысын Куайкан тауының үстінен көрсетіп Айды екіге бөледі. Ардақты пайғамбарымыз сол жердегілерді куә қылды. Алайда, мүшріктер сөздерінде тұрмайды. 

“Бұл Мұхаммедтің сиқырларының тағы бірі. Мына жерде біздің көзімізді алдағанмен, жұрттың бәрін сиқырлай алмасы анық! Келетін жолаушыларды күтіңдер, керуендерден сұрап көріңдер, олар да тура осыны көріп пе екен?” дейді.

Келген жолаушылардан сұрайды. Oлар да сол түнгі ғажайып оқиғаны барлық жерде көрген болып шығады. Бірақ, мүшріктердің жүректері күпірге толып, ниеттері соған бет бұрғандықтан, тура жол олар үшін жабық болатын. Сөйтіп, бәрібір мойындамай қояды.

       

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0