ЖАНҰЯ

Үйдің иісі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

Әр үйдің өзінің иісі бар. Одан бірден сол үйді тани қоясыз. Қайда, қай жерде болмасын, сол иіс мұрныңызға келгенде, көзіңізге елестеп қоя береді.

Әр үйдің өзіне тән иісі болады. Алғаш рет кірген бір үйдегі иіс миыңыздың бір бұрышында қалады. Қашан да сол иісті сезсек, сол үй мен сол үйдің адамдары еске түседі. Ол отбасы басқа үйге не болмаса басқа бір ауылға, қалаға көшсе де, үйдің иісі өзгермейді. Бұл иіс, негізінде, сол үй мен үйдегі адамдар жайында бізге әжептәуір мәлімет береді. Балалары бар немесе темекі шегілетін үйдің иісі бір-біріне қалай ұқсамайтын болса, жан тыныштығы жайлаған үй мен дауы арылмайтын үйдің де иісі өзгеше болады.

Эссенция немесе иіс түрлері бізге тек сезіліп қана қоймайды, иіс молекулаларының миға беретін хабары арқасында физикалық тұрғыдан да әсер етеді. Мұны байқаған адамдар иіс молекулаларының әсерін өз пайдаларына жаратуды бірден қолға алған. Ең көп тарағаны – өсімдік майлары.

Өсімдік майының әсерлі иісі

Өсімдік майлары үйде қолданғанда бөлмелерге жайылып жағымды тербеліс пайда болады. Алайда, түрлі өсімдік майы әртүрлі әсерге бөлейтіндіктен, қажетті тербеліс пен энергияға сай белгілі біреуін яки қандай да бір аралас май қолдануға болады. Арнайы майлар шабыт, ой жинақтау, жұмыс істеу, тынығу, ұйықтау немесе қиял құшағына берілу үшін ыңғайлы жағдай қалыптастырып, жан дүниеңізге әсер етеді. Тіпті, кей майлар бөлмедегі ауаны дезинфекциялап, кейбір ауру түрлерінің алдын алады. 

Қалай қолданады?

Үй ішінде өсімдік майын иіс ретінде қолданудың әртүрлі жолы бар. Кепкен гүл яки су толы кесенің ішіне бір-екі тамшы тамызып қойса болады. Жұмсақ киім ілгіштер, тартпалардың мата тектес түбі де май тамызып қоюға өте ыңғайлы. Бір уыс таза мақта немесе мақта мата үстіне тамызып, оны радиатордың артына қоя салыңыз. Не болмаса су толы тостағанға екі тамшы май қосып радиаторға жақын жерге қойса болады, бұл бір жағынан ылғалдандырғыш қызметін де атқарады. Есік аузындағы төсеніштің бетіне бір-екі тамшы бүркіп қойсаңыз, үйге кірген адамға жайлы әсер етпек.

Қай жерде қолданады?

Лимон, лайм, апельсин секілді цитрус тұқымдастардың иісі аңқыған майлары әсіресе, кіреберіске қонымды болмақ. Көбіне ондай жерде терезе болмайтындықтан, иіс ол жерден баспалдаққа қарай жайылады. Мұндай кіреберістерде лаванда және пеларгония қолдануға болады.

Отбасыңыз бен достарыңыздың жаны жай тауып, көңіл күйлері көтеріңкі болуы үшін бөлмені бір-біріне араласқан қойыртпақ иістен арылтып, жаңа, әрі үйлесімді иіске бөлеу керек. Сандал мен раушан бұған өте ыңғайлы. Жеміс-жидектің, көкөністердің және басқа өсімдіктердің керемет табиғи иістері асүйді айтарлықтай тартымды, жайлы қылса да, оның жағымсыз әсер беруі де ғажап емес. Әсіресе, ас ішетін жерді жайлаған күшті иістен арылтқан абзал. Сол себепті асүйде таза өсімдік текті иіс түрлерін қолдану керек.

Жатын бөлме – тек ұйықтауға дайындалған жай емес, сонымен қатар, адамның тынығатын, өзінше бір жаңарып шығатын бөлмесі. Жастыққа тамызып қойған кішкене өсімдік майы жайлы, тыныш ұйқыға себеп болады. Тартпаға яки шкафқа лаванда салынған кішкене қалта қоя салсаңыз немесе тыныштандыратын өсімдік майын жақсаңыз, ерекше сезімге бөленесіз. Мәселен, дәретхана қағазының ішіндегі картонға бірер тамшы өсімдік майын тамызыңыз. Иіс уақыт өткен сайын күшейе түсетін болады.

Апельсин

Өткір, көңіл көтеріп, шабыт беретін, балғын апельсин иісі аңқитын май. 

Сандал ағашы

Жұпар иісі өз алдына, ал әсері адамның жан дүниесіне ерекше күй беріп, тыныштық сыйлайды. 

Жалбыз

Жалбыздың өткір, балғын иісін бірден танысаңыз да, тіс пастасы немесе шоколад иісімен шатастырмасаңыз, оның ерекшелігіне таң қалмай қоймайсыз. Бұл мұрын жарар өткір, айқын да әдемі иісті бір байқап көріңіз.

Жасмин/ақгүл, ақжұпар

Бұл өте нәзік, бірақ, тереңнен әсер ететін иіс. Ең сапалы жасмин майы өте қымбат, дегенмен, оның титімдейі ғана жеткілікті. Үйіңіздің жанға жайлы, жағымды, әсерлі жағын жайып салады.

Лимон шөбі

Иіскеп көріңіз де, көңіліңіздің жайдары күйін сезіңіз. Майы лимон шөбінің жапырақтарынан алынады және адамды жағымды ойға жетелеп, жанын тербетер иіс.

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0