ДЕНСАУЛЫҚ

Қашан, қанша су ішу керек?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

Бір күнде кемінде он стакандай су ішуге кеңес беріледі. Таңертең тұра сала бір стакан, ас ішерден жарты сағаттай бұрын екі стакан және мұның араларында бір-бір стаканнан ішілетін болса, шамамен он стаканға жетеді.

Тамақтануда судың орны қандай?

Су адамның ағзасына, жасына, жынысына және басқа түрлі факторларға орай өзгеріп тұрады. Орташа есеппен адам салмағының 55 % – 75 %-ы су. Суға қатысты қандай да бір ақыл-кеңес айтпай тұрып, әуелі салмақ тастау, салмақ сақтау және дұрыс тамақтану тәрізді жайларды естен шығармау керек. Бұл жайлар әр адамда әртүрлі болса да, жалпы адам денесінің жартысынан астамын су құрайтындықтан, бұған айырықша тоқталмақпыз.

Дені сау адамның орташа есеппен бір күнде қанша су ішкені жөн?

Бұл да адамына қарай өзгереді. Жұмысы ауырлар, дұрыс тамақтанбайтындар, уытты нәрсеге душар болатындар, бүйрегі ауыратын науқастар секілдінің әрқайсысына жеке бағдарламалар бар. Әр кісіге қарай өзгеше болғанмен, орташа есеппен 2 – 2,5 литр су ішуге кеңес береміз.

Мұнша суды ретімен ішіп тұруға арналған қандай да бір “су ішу жоспары” бар ма? Су ішудің дұрыс уақыты бола ма?

Суды еске түскенде іше беруге болады. Өйткені адамдар ұмытып кетеді немесе кешігіп жүреді. Шөлдегенді күтпеу керек. Қанша дегенмен, адам шөлдегенде онсыз да денедегі судың 1%-ын жоғалтады. Бұл да кеш қалғанның белгісі. Бәрін бір мезетте ішу де дұрыс емес. Күні бойы аз-аздан үзбей іше беруге кеңес береміз.

Басқа сулы тағамдар үшін қалай жоспарлаған жөн?

Судан өзге сұйықтықтар зәр мөлшерін көбейтеді және ағзада артық минерал жинап ісінуге себеп болады. Сол себепті ешқайсысы судың орнын баса алмайды. Сондықтан бір күнде 3 стакан лимон қосқан сұйықтау қара шай, ең көп екі стакан кофе және анда-санда бір екі стакан өсімдік шайын ішуге болады.

Судың қандай ерекшеліктеріне назар аудару керек?

Mіндетті түрде таза, тұнық болуы тиіс. Судың жұмсақтық деңгейі маңызды. Барынша жұмсағын ішуге кеңес береміз. Суда минерал болады, бірақ тым минералды суды көп ішу бүйрекке салмақ түсіреді және бүйректе тас пайда болуы мүмкін.

Баланы алғаш сумен таныстырғанда неге мән беру керек?

Сәби алғашқы алты айға дейін ана сүтінен басқа ештеңе іздей қоймайды. Өйткені ана сүтінің құрамы сондай. Алты айдан кейін қантсыз таза сумен танысқаны жөн. Алайда  бір жастан кейін ананың су ішуге ерекше көңіл бөлуі керек. Бұл тұстағы кеңесіміз баланы жас күнінен суға үйрету. Өйткені кейін қиындық туындауы мүмкін.

Суды аз ішетін адамдардың денсаулығына зиян келуі мүмкін бе?

Ұзақ уақыт су ішпеу медицина тілінде “дегидратация” деп аталады. Мұның ақыры негізінде өлімге себеп болады. Жағымсыз әсерлерін айтар болсақ, қарынның тойғанын уақтылы сезінбеу, терінің құрғақтығы, іш қату, концентрацияның бұзылуы, қан қысымының жоғары болуы, ісіну т.б. 

 

Судың

• Қалыпты салмақ сақтау,

• Қан айналымының жылдамдауы,

• Қан қысымының қалыпты болуы,

• Mинерал мен тұздың тепе-теңдігін сақтау,

• Салмақ тастауды оңайлату,

• Энергиясыз болып, қалыпты салмақ ұстауға көмектесетіні,

• Аштықты басу,

• Консентрация жоғалтпауға көмектесу,

• Дәрумендердің қажетке жарауы,

• Уытты заттардың шығуы тәрізді пайдалары бар.

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0