МАРКЕТИНГ

Қайырымдылықты еске салатын тағы бір ереже ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЙТАРУ ҚАҒИДАСЫ

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

“Жақсылыққа жақсылық’’ сезімі тек біздің мәдениетке ғана тән нәрсе емес. Әлемдегі барша халық көрген жақсылығына қалай да жауап бергісі келеді. Қарыздар болып қалу адамның табиғатында жоқ.

Роберт Чалдини, “Иландыру психологиясы” атты кітабында “Өтеуін қайтару қағидасына” қатысты “Харэ Кришна” мысалын береді. Харэ Кришна алуан түсті киім, моншақ пен қоңырау сатып Америка халқынан қайыр жинайтын бір қауым. Киген киімдері мен әрекеттері Америка халқына ұнамағандықтан, жұмыстары жемісті болмаған. Бірде олар өз стратегияларын аяқ асты ауыстырады. Кришналар енді қайыр тілемес бұрын, қайыр сұрайтын адамдарына кітап яки бір гүл береді, берген сыйлықтарын сосын қайтып алмайды. Сөйтіп жұрт оларға көмек көрсету жайлы ойлана бастайды. 

Қарым қайтару қағидасының қайырымдылық мөлшеріне әсері болса, жалбызды кәмпит экспериментінде бірден байқалады. Жалбызды кәмпитті алушыға чекпен бірге бергенде жасалған қайырымдылық 3.3 %-тей артқаны, ал астан соң, есептесуге дейін берілгенде қайырымдылық мөлшері 14.1 % көтерілгені байқалған.

Стратегиялық бір мысал

Роберт Чалдинидің бір барлаушы баламен бастан өткен оқиғасы қарым қайтару қағидасын барынша толық түсінуге көмектеседі:

“Жолда кетіп бара жатқанымда қасыма 11-12-лердегі бір ұл бала келді. Өзін таныстырды және алдағы сенбі күні кешке болатын барлаушылар циркіне билет сатып жүргенін айтты. Біреуі 5 долларлық билеттен алғыңыз келмей ме деп сұрады. Cенбі күнгі кешімді өткізуге болатын ең соңғы жер барлаушылар циркі болғандықтан, қолын қайтаруға мәжбүр болдым. Ал ол маған билет алмаған соң, біреуі 1 долларлық шоколадтан аласыз ба деп сұрады. Бірнешеуін алдым және мұның мәнісін бірден ұға қойдым. Сонда барып түсіндім. Шоколад жақсы көрмеймін, долларды жақсы көремін. Екі түйір шоколадпен тұрып қалдым. Ал ол менің 2 долларымды алып кете барды”.

Мұның нәтижесі ретінде бізге жасалған жақсылықтың есесін қайтару мәжбүрлік екенін көреміз. Екінші жағынан, бізге ықылас танытқан адамға біздің де ықылас көрсетуіміз қажет дегенді білдіреді.

Талап етуші адамның үлкеннен кішіге қарай шегінуіндегі маңызды нәрсе бұл ахуалдың есесін қайтару ретінде көрінбейтіндігі. Сол себепті шағын талап негізінде үлкен бір талап болуы да мүмкін. Алғашқы талаптан кішірек болуы қашан да пайдаға асады.

Физикалық басымдық ахлақи басымдық сезімін береді

Әлеуметтік психология маманы Дэниел Пинктің Нью-Йорк құтқарушыларынан болған достарымен бірге жүргізген қайырым жинау тәжірибесі өз саласы бойынша барынша талқыға түскен жұмыс болған. Тәжірибеде құтқарушылар 2 топ болып бөлінеді. Еріктілер тобының бір бөлігі эскалатордың шығар басында, екінші топ болса, басқа бір эскалатордың түсер аузында тұрып қайыр сұрайды. Нәтижесі адам таңқаларлық. Баспалдақтың төменгі жағында тұрған топ 116 доллар жинаса, баспалдақтың жоғарғы басында тұрған топ болса, 227 доллар жинаған. 

Одан да жоғары жерде тұру қайырымдылық көлемін есе есеге арттырған. Бұл тәжірибе бізге физикалық әрекетіміздің дүниені және өзімізді қалай көретіндігімізді көрсетеді. Бұл ұғым «қалыптасқан түсінік» деп аталады. Яғни физикалық артықшылығымыз болғанда ахлақи тұрғыда да жоғары екендігімізді сезінеміз. Ал бұл қайырымдылық жасауды тағы бір қайтара еске салатын амал.

Қайыр жинаудың тағы бір жолы: Бәсеке

Хазірет Әбу Бәкір мен хазірет Омар (р.a) Пайғамбарымыздың (с.a.у) ынталандыруымен қайырымдылық жасауда жарысатыны есіңізде болар. Қайырым жинауға қатысты жасалған тағы бір тәжірибенің нәтижесі мұны басқаша қырынан түсінуге мүмкіндік береді. Мұнда бізді қолымыздың ашық болуына итермелейтін нәрсенің бірі бәсекелестік. Бәсеке салық жинаудың бір жолы. Жұртты бәсекеге түсіріп жасаған қайырымы арқылы басқалардың өміріне қалай өз үлесін қосатындығын бағалауларына мүмкіндік беріледі. Соның арқасында адамдарға “қайрымдылық жасауда жарысуға“ жол аша аласыз.

Сенімің нақты болған соң амалға кіріс

Пайдаға асар қор жинау амалдары мен техникасының көбі сауда маркетинг кәсібі бойынша жетілдірілген және қалыптасқан. Кей кісілердің мұны күлкілі әрі тиімсіз көруі мүмкін. Егер адам көрсеткен қызметінің қадіріне шын көңілден сеніп, солай әрекет ететін болса, жиылған қайырдың көлемі ынта-ықыласқа айтарлықтай әсер ететіндігін бірден байқайды. 

Қанша жерден ерікті азаматтардың қызмет көрсету саласына қосқан үлестері әртүрлі болса да, қор жасақтау ісі ұйымның бүкіл мүшелерінің жауапкершілігінде және тек сол салада қызмет ететіндерге жүктелмеуге тиіс. Сол себепті әркімнің қор жинау ұстанымдары және сонымен бірге техникалары жайында хабары болуы керек.

Қор жинау ұстанымдары мен қағидалары

……………………………………………………..

1. Шын ықылас:

Қаржы алуды ойлаған адамға ең әуелі ұйым жайлы жан-жақты мәлімет беріліп, ұйымның пайдасына көзін жеткізу керек. Қаржылық жәрдем берген және беретін қайырымды кісілер адал көңілді, бүкпесіз ниетті тез байқайды.

2. Қайырымдылық жайлы сертификат құжат:

Бұл құжат міндетті нәрсе. Қайырымдылық жасаған кісілердің көбі еткен жақсылығының материалдық емес, рухани қайтарымын күтеді. Соның арқасында жан дүниесі де шат болуға тиіс. Сертификаттың осындай жағы да бар. 

3. Алғыс айту.

“Алаған қолым береген” дегендей, қайырымдылық жиғанда айтар ең маңызды бір ауыз сөз алғыс білдіруде жатыр.

Сондай-ақ, жұрт жасаған жақсылығының есесіне ештеңе күтпесе де, үнемі хабарласып, мереке күндері құттықтап, ара-кідік іздеп барып, бір аяқ шайды бірге ішкен кісілерді тек ісі түскенде ғана хабар алысып, іздейтін адамдардан артық көреді.

4. Жан-жақты есеп беру:

Қайыр жасаған кісілер қарапайым “алғыстан” бөлек, өздерінің қайырымдылық қорына не нәрселер атқарылатынын білгісі келеді. Сондықтан ең тиімді алғыс білдіру жолы жан-жақты есеп беруде. Жеткен жетістікті немесе көрсетілген қызмет түрлерін қайырымды жандармен бөлісіп тұратын болсаңыз, бұл олардың көңіліне жағары анық.

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0