БІЛІМ БЕРУ

Кітап оқудың 15 пайдасы

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

“Цифрлы әлем” ұғымы өмірімізге енгелі бері еш қиналмай былай дейтін болдық: «Оқудың не керегі бар, бәрін интернеттен алуға болады.» Шекесінен шікірейіп тұрған осы сөйлем кітап оқудың пайдасын баптарға бөліп тізуіме түрткі болды. Әр баптың бас-аяғын артық-кемсіз жинақтауға тырыстым. Сіз де “Кітап оқудың не пайдасы бар?” деп сұрағандарға еш ойланбай тізіп берсеңіз болады.

• Сіз ешқашан күтуден шаршамайсыз. Жолда, автобуста, әлде досыңызды күтіп отырсыз ба? Кітабыңызды ашыңыз. 

• Сапалы сұхбат құруға болатын досты оңай табасыз. Әңгіме барысында, егер ол досыңыз кітап оқитын болса, оқыған кітаптарын қалай да сөз етеді.

• Tәжірибеден өткен мағлұматтарға жеңіл, әрі машақатсыз қол жеткізесіз. 

• Орныңыздан қозғалмай-ақ өткен шақ пен көне дәуірлерге саяхат жасап, бүгінгі ахуалмен салыстыра аласыз. 

• Болып жатқан жағдайға пікір білдірерде дұрысын болжау қабілетіңіз артады.

• Қандай да бір оқиғаға орай кітаптан мысал бере аласыз.

• Кітаптағы кейіпкерлер сізге үлгі болады. Олардың өмірлік ұстанымдары талай қажетіңізге жарайды.

• Тиісті жерде, қажетті кезде орынды сөз таппай қиналмайсыз. Сөздік қорыңыз байиды.

• Сізге сый жасағысы келгендер не аламыз деп қиналмайды.

• Интернет байланысы болмай қалса, компьютеріңіз бұзылса, еш уайым жемейсіз, психологиялық күйзеліске ұшырамайсыз. Ең бастысы тәуелді емес екеніңізді білесіз.

• Жақсы оқитындар жақсы жазады.

• Қалаған тақырыпта кіммен болса да сұхбат құра аласыз. Сіз де, ол да жалықпайды.

• Үйіңізді, бөлмеңізді безендіретін «кітаптар» дейтін  әдемі бұйымға ие боласыз!

• Көп оқысаңыз, өміріңізді мәнді де, сәнді қылатын білімге қол жеткізесіз. 

• Зерттеулерге қарағанда, оқу ми жасушаларының арасындағы байланысты күшейтеді. Ал бұл сіздің ақылды екеніңіздің дәлелі.

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0