ЖАНҰЯ

Жұбайыңызға гүл сыйлаудың сыры

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

1-Тоқыма фабрикасында бес машина бес минут ішінде бес көйлек тігеді. 100 көйлекті 100 машина қанша уақытта тігеді?

2-Көлшікте «Тұңғиық гүлі» өседі. Тұңғиық өте тез таралып, күн сайын екі есе аумаққа жайылып үлгереді. Көлшікті толықтай тұңғиық басып кету үшін 48 күн қажет. Көлшіктің жартысы тұңғиықпен толу үшін қанша уақыт керек?

Осы екі сұрақтың жауабын бір жерге түртіп қойыңыз да, мақаланы оқуға кірісе беріңіз!

ай үстінде ол 100 мың теңге тұратын линзалардың чегіне қарап отырды. Көзілдірік таққысы келмеген әйелі екі апта бұрын сұраған еді осы линзаларды. Ол чекті бүктеп қалтасына салды да, есікке қарай жылжи беріп еді, линзаларын жоғалтып алған әйелі асыға-үсіге бөлмені қарай бастады. Бір минут өтер-өтпестен күйеуі линзаларды зал үйден тауып алды. Түсінбегендей сыңай танытқан әйелі: «Мен ол жерді қанша рет қарадым», – деп еді, ол: «Сенің іздегенің кішігірім екі мөлдір пластик қана. Ал мен 100 мың теңгені іздедім» – деп жауап қатты.

Міне, осыған қарап ер мен әйелдің арасындағы парықты бірден аңғаруға болады. Алдымен, осы мақаланың ер кісілер үшін жазылғанын естеріңізге сала кетейік. Біз оларды артық шығыннан қорғайтын боламыз! 

Бір гүл мың кеңестен артық

Ер адамдардың көбі гүл алуды пайдасыз іс деп есептейді. Олар үшін оның орнына  бір қорап жаңғақ қосылған конфет алу әлдеқайда пайдалырақ. Бірақ әйелдердің психологиясы біраз өзгешелеу. Қадірлі екенін сезіну,  бөлісу және көмек қолын созу сияқты сезімдермен көңілдері жай табады.Әйелдер ерлерге қарағанда эстетика, махаббат, қарым-қатынас және сұлулыққа көбірек мән береді. Олар үшін ең маңызды нәрсе – махаббат пен гармония. Ер адам жетістікке жеткен кездегі бақыт сезімін, олар шүйіркелесіп, әңгімелесу арқылы табады. 

Адамға мотивация берудің ең тиімді жолдарының бірі – оны құрметтеуге лайық адам екенін сезіндіру. Құрметке лайық екенін сезген әйел, депрессиядан арылып, бойын қуаныш сезімі билейді. Өйткені өзінің қадірлі және ұнамды екенін біледі. Ал бағалы және құрметті екенін білдірудің ең тамаша тәсілі – гүл сыйлау.

Не үшін гүл?

Негізінде, әйелдердің оп-оңай қуанышқа кенелу ерекшеліктері бар. Артық шығындалмай-ақ, бір шоқ гүлдің өзі, жарыңыздың балбұл жайнап шыға келуі үшін жетіп жатыр. «Түптеп келгенде бір шөп. Оның қай жеріне мәз болады?» деп ойлауыңыз мүмкін. Дұрыс айтасыз. Қуанатындай нәрсе емес. Гүлдің әдемі иісінен бе, әлде көрікті көркінен бе, жоқ әлде қадірлі сезіндіру қасиетінен бе, белгісіз. Бірақ осы қарапайым қимылыңыз олардың ойында ескерілу, жақсы көрілу болып бағаланып, өздерін ерекше сезінулеріне себеп болады. 

Гүл алмаса не болады?

Не болмайды десеңізші?! Гүл алмасаңыз, бұл әрекетіңіз алдымен сізге үй шығындарының квитанциясы болып қайтады. Шарылдап аққан су, өшірілмеген жарық… . Өзіне көңіл бөлінбеген жарыңыз, дүкен аралап зат сатып алу арқылы өзін жұбата бастайды. «Қолыма гүл ұстап көшеде жүре алмаймын» десеңіз, айлық шығыныңыздың көбеюіне дайын болыңыз.

Бұның психологиялық жағы мынадай:  әйел адамның эмоционалды қажеттіліктері (жақсы көрілу, қадірлі сезіну, ескерілу т.б.) өтелмесе, жарыңыздың сауда арқылы мұны өтеуі былай тұрсын, отбасындағы тынышсыздықтың өзі сізге жетіп артатын болады.

Көріп отырғаныңыздай, гүл негізінде бір символ ғана. Бүгінгі таңда сезімді көрсетудің белгісі осы болғандықтан, гүлді мысал еттік. Не айтқаныңыз немесе не жасағаныңыз емес, нені сездіре алғаныңыз маңызды.

«Когнитивті қабілет тесті» не дейді?

«Қатесіз ойлау өнері» кітабында да осыған ұқсас жағдай баяндалады. Шейн Фредерик жасаған «Когнитивті қабілет тесті» керексіз жасалған сауданың  себептерін біліуімізге көмектеседі. Тест өте оңай. Адамдар сұралған сұрақтарға екі жолмен жауап береді: бір сәттік сезімі немесе логикасы арқылы. Мысалы:

«Дәл қазір 3000 доллар алғыңыз келе ме, әлде бір айдан кейін 3300 долларға ие болғанды қалайсыз ба?» Когнитивті қабілеті төмен адамдар (сезіміне сүйенгендер) 3000 долларды таңдайды. Олар көбіне сабырсыз және пысық болады. Олардың сауда-саттықта алған шешімдері де осындай. Ал когнитивті қабілеті жоғары болғандар бір ай күтуге разы. Аталмыш тест, бір сәттік сезімге бой алдырмаудың маңыздылығын ескертіп, сабыр еткендердің сыйы алда екендігін ұғындырады.

Эмоционалды қажеттіліктері өтелмеген әйелдер «барлау» тәсіліне көшіп, когнитивті қабілеті төмендейді. Сондықтан олардың сауда-саттыққа шықпай тұрып өздерін бақытты сезінулері маңызды.

Айтпақшы, жоғарыда айтылған 2 сұрақты ұмытпаған шығарсыз. Сұрақтарға «100 минут және 24 күн» деп жауап берсеңіз, сіз де эмоцияңызбен шешім қабылдадыңыз деген сөз. Дұрыс жауап «5 минут және 47 күн». Бұл тестті жұбайыңызға да жасап көріңіз. Егер тест нәтижесі эмоционалды күйзелістің бар екендігін көрсетсе, онда сауда-саттық «маусымы» басталмай тұрып дереу жарыңызға гүл алып келіңіз. Солып қалуын қаламасаңыз, құмырасымен сыйға тартыңыз. Сыйлық беру – сүннет. Сыйлықтарыңыздың ішінде гүл де болсын!

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0