БАЛА ТӘРБИЕСІ

ДӘРЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУДЫҢ ТӘРБИЕСІ БОЛА МА?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr

Бала дәретке шығуды үйрену кезінде маңызды жауапкершілікпен беттеседі. Жіберу және ұстау жауапкершілігі. Дер кезін және орынды жерін таңдай алса, бұл жетістік. Дәрет сындыруды үйреніп, дағдыға айналдырады. Физикалық проблема болмаса, бала уақыты келгенде бұл даму нәтижесін көрсетеді. Ал дағдыға айналғанша ата-ананың аздап көңіл бөлуін, тәрбиесін қажет етеді.

Мәссаған! Әлі дәретін ұстай алмайды.

Дәрет мәселесінде тым асыра сілтеп жібермеңіз. Ата-анасы екеніңізді де алға тартудың қажеті жоқ. Өйткені, уақыты келгенде жүруді, сөйлеуді және дәретке шығуды өзі-ақ үйрене бастайды. Жүруіне, сөйлеуіне қаншалықты көмектессеңіз, дәретіне де соншалықты ғана көңіл бөліңіз. Қолдау көрсетіңіз, икемделіп, дағды қалыптастыруына көмектесіңіз.

30 айлық болғанша күтіңіз

Дәретке үйрену кезінде кездесетін қиыншылықтардың кейбірі асығыстыққа байланысты. Бала әлі бұған дайын емес кезде асығыстық жасау мәселені шиеленістіруі мүмкін. Сіздің дайын болғаныңыз емес, баланың дайын болғаны маңызды. Бастаудың нақты бір уақыты жоқ, балаға қарай өзгеруі мүмкін. Бала өз бетінше бастамаса, 30 айлық болғанша күткен жөн. Кейде үйдегі басқа бауырларын немесе жақындарын бақылап жүретін бала аз уақытта дайын болуы мүмкін. 

Бәріміз дайынбыз ба!

Мәселе пісіп-жетілгенде алға қадам жасауға болады. Абай болыңыз, сәтсіздікке дайынсыз ба? Сәтсіздік аяқ астында. Бұл мәселеде ұстанымыңыз қатал болса, сәл босаңсуға тура келеді. Күшіңіз, шамаңыз жетпейтін нәрсеге ұрынғыңыз келмейтіні анық. Ұмытпаңыз, балалар ата-ананың осал жерлерін жақсы пайдаланады. Сізге қиын болса, оған да оңай болмайды. Алды-артыңызды ойлап, сәтсіздік бола қалса не істеу керегін жоспарлаңыз.

Отыруға ыңғайлы горшок алуға болады. Бірақ, ойыншыққа айналдырмауын қадағалаңыз. Дәретханаға жақын жерге қойыңыз. Дәретхананың жолын да үйрене берсін. Мұндай кезде пайдаланатын іш киім түрлері де бар. Сәтсіздіктің зардабын азайту үшін қымбат кілемдерді әзірге жинай тұруға болады. 

Іске кірісе беріңіз

Балаңызды бақылауды ұмытпаңыз. Белгі бере бастағаннан дереу қимылдаңыз. Дайын болған бала дәреті келгенде ұстайды. Осы уақытты қалт жібермеңіз, бірден отырғызыңыз. Талай қайталауға тура келетін шығар. Табандылық танытыңыз. Басқалардың көзінше ұстамды болыңыз. Жақында үйреніп кететінін айтып қойыңыз. Кінәлап, кемсітуден аулақ болыңыз. Киімін ауыстыруды өзіне жүктеңіз. Бұл жауапкершілікті түсінуге жетелейді. Өз бетінше ауыстыра алатындай тәжірибесі болмаса, бастапқыда бұған көмектесуіңіз керек. Көмек керек болса, қашан да дайын екеніңізді  айтыңыз. Бірдеңені сәтімен істесе, жақсы сөзбен қолдау көрсетіп, мақтап қою қажет.

Бұл кез тек бала үшін ғана емес, ата-ана үшін де маңызды. Барынша көп қиналмай өту бәріне де пайдалы. Айналып келгенде, балаңыз да жаялықтан жалығып, өз бетінше дәретке шыққысы келеді. Сіздің көмегіңізбен оны да артқа тастап, жетілу сатысымен жоғары көтеріле бермек.

Пікірлер жабық.

  • Тіркелу
Lost your password? Please enter your username or email address. You will receive a link to create a new password via email.
Сіздің жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаймыз
0